» » КЕШЕН КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

КЕШЕН КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

Сыр бойындағы сәулет өнерінің ең озық үлгісі – Қорқыт ата мемориалдық кешені. Қармақшы жеріне келген әрбір екінші адам осы кешенге табан тірейді. Бірі – туристік бағытта, енді бірі – зиярат етуге. Бүкіл түркі әлемінің абызы – Қорқыт атаның мемориалдық кешені  тек қазақстандықтардың ғана емес, шетел азаматтарының да қызығушылығын тудырып отырған қасиетті орын. Иә, Қорқыт ата мемориалдық кешені көненің көзі саналатын киелі мекен. Мұнда турис­тер де ағыла келеді. «Жүрген соң бауырында күнде көріп, таулардың биіктігі байқалмайды» дегендей, жергілікті жерде орналасқан бұл кешенді көрмеген бізге ұят секілді.
Көктем басталса жер жаңарып, көк шығып, табиғат жасарып, тіршілік атау­лы оянады емес пе? Бау-бақшаға егін егіп қызу жұмыс та басталады. Жақында Қорқыт ата кешеніне барған болатынбыз. Көркейту-көгалдандыру жұмысы мұнда да қарқын алған. Күн жыли бастаған соң келушілер қарасы көп.
–  Жыл сайын көркейту-көгалдан­дыру жұмысыжүйе­лі жүріп келеді. Биыл да 1 гектар жерге жоңышқа егілді. 200 түптен аса раушан гүлін де ектік. Сыр талын да отырғызып жатырмыз. Туристер келіп, таң-тамаша болып кетеді. Аудан тұрғындары да кешеннің жұмысына оң баға береді, – дейді Қорқыт ата кешені мұражайының ғылыми қызметкері Мағауия Әлиев.
– Бұрын кітап пен теледидардан көретінбіз. Бүгін Қызылорда қаласынан арнайы Қорқыт ата мемориалдық кеше­нін көруге отбасымызбен келіп отырмыз. Көзбен көрген басқаша, барлығы тамаша. Сөзбен айтып жеткізу тіпті мүмкін емес. Мұражайға да кіріп көне жәдігерлермен таныстық. Жоғарыдағы ескерткішке де бардық. Жел болып тұрған соң қобыздың үні анық естіледі, тыңдап тұра бергің келеді екен. Жайқалған жасыл желек, гүлдер де ерекше көрік беріп тұр, – дейді Аида есімді бойжеткен.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
"Қармақшы таңы".
30 сәуір 2019 ж. 1 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 159

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930