» » ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН ШАРА

ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН ШАРА

Жазғы маусым басталғалы балалардың қуанышында шек жоқ. Бірі – ата-әжесіне асықса, бірі – қалаға қыдырып, уақытын тиімді өткізуде. Ал, енді бірі – мектеп жанындағы тынығу лагерінде алаңсыз демалуда.
Жақында  мектеп директоры Б.Алмаған­бетов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Сәденов, ата-аналар комитетінің төрағасы К.Байғараев, ауылдық округінің бас маманы К.Берденова, сондай-ақ ата-аналар мен лагерь бастығы Қ.Сәденовтің қатысуымен Ақтөбе ауылындағы №109 орта мектеп жанынан құрылған «Балдырған» күндізгі тынығу лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Оны лагерь үйлестірушісі Қ.Мерекова ұйымдастырса, мектеп түлегі кәсіпкер Б.Еш­мұратов, Б.Есенов мерекеге орай балаларға ойыншық тарту етті. Мұнан бөлек, «Оңталап» ШҚ төрағасы Ә.Аралбаев пен «Ақтөбе и К» ЖШС төрағасы Н.Іздібаев демалушыларға тәттілер үлестіріп, балдырғандардың көңілін аулады.
Демалыс маусымында Н.Ақынбекова, Г.Тілеуова секілді тәрбиешілер лагерьдің қызықты өтуін қамтамасыз етеді.  
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
19 маусым 2019 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 843
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930