» » «Балдырғанның» балалары

«Балдырғанның» балалары

Жаз айы – баланың толыққанды демалып, денсаулығын нығайтуына қолайлы уақыт. Әрбір балақай жазғы демалысты жайлы, қызықты өткізуді армандайды. Осы арманның орындалуы Ақтөбе ауылы балаларына бұйырыпты.
Жуырда Ақтөбе ауылындағы №109 орта мектеп жанындағы «Балдырған» күндізгі тынығу лагерінің ашылуы өтті. Күндізгі лагерь – оқушы үшін ең пайдалы әрі тиімді демалыс орны. Саламатты өмір салтын қалыптастырып, баланың танымдық деңгейін арттыратын шара маусым айында жұмыс істейді. 
Лагерьдің ашылу салтанатында Г.Ермаханова, М.Дүйсенова, Г.Бекарыстанова, Ә.Талқанбаева, М.Оспанова, Г.Темірова, Ж.Айтанова, Н.Акинбекова  сынды тәрбиешілер балалардың дүниетанымын кеңейететін, көзқарасын қалыптастырып, ықыласын арттыратын «Ертегілер еліне саяхат» атты іс-шара ұйымдастырды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, Ақтөбе ауылдық округі әкімі О.Мұнарбаев, мектеп директоры Б.Алмағанбетов, ата-аналар комитетінің төрағасы К.Байғараев, шаруашылық басшылары мен ұстаздар қауымының қатысуымен өткен салтанатты жиында тәрбиеленушілердің күшімен үш тілділікті дамыту, табиғат аясындағы өмір қауіпсіздігі қазақтың ұлттық ойындарымен сабақтасып, лагерь  ауласында ертегілерден көрініс көрсетілді.
Лагерьде тәрбиеші, әуез пәні, дене шынықтыру пәні мұғалімі, медбике, аспазшы, жұмыс істейді. Сондай-ақ, екі ауысым бойынша 50 оқушы тынығады деп күтілуде.
– Мектеп жанындағы лагерьге демеушілік жасаған «Ақтөбе и К» ЖШС төрағасы Н.Іздібаев, «Оңталап» ШҚ жетекшісі Ә.Аралбаев пен лагерьге қажетті ойыншықтар, құрал-жабдықпен қамтамасыз еткен мектеп түлектері, кәсіпкер А.Мереков пен Қ.Нұржақыповтың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Алдағы уақытта да осы ауылдың жанашыр азаматтарымен байланыс жасап, біршама жұмысты атқарамы, – дейді  мектеп директорынын тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қыдырбек Саденов. 
Әрбір адамның балалық шағындағы ұмытылмас естелік – осындай жазғы лагерьмен де байланысты. Сондықтан балғындар үшін қызыққа толы демалыстың маңызы зор бола бермек.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
18 маусым 2018 ж. 1 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031