«Қауіпсіз демалыс»
2019 жылдың 18 маусым күні №275 орта мектебі жанынан ашылған «Жұлдыз» жазғы тынығу лагері оқушыларымен «Қауіпсіз демалыс» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты - балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету. Танымдық сағат барысында, лагерь оқушылары өрт, су, жолда жүру, жалпы өмір қауіпсіздігі туралы мәлімет алды. Олар «ойыннан от шығатынын» түсініп, өрт қауіпсіздігін болдырмауға (сіріңке, жарылғыш питарка сынды заттарға жоламауға) суда, жолда жүру ережелерін сақтау керектігін түсінді. Оқушылар лагерь тәрбиешілері көрсеткен тақырыптық презентациялар мен видеолардан әрдайым сақтықта жүре отырып, өз өмірлерін сақтайтындықтарын ұғына білді. Сондай-ақ, лагерь тәрбиешілері оқушыларымен бірлесе отырып, «Біз табиғат қамқоршысымыз» тақырыбында суреттерден композиция жасады. Мектеп медбикесі - Далиева Гулмира апай, «Дене тазалығы – денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында оқушыларға адамның басты байлығы – денсаулық екендігін және денсаулықтан артық бағалы зат жоқ екенін ескертті. Оқушылар таза ауада спорттық ойындар ойнап, үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.