» » МОБИЛЬДІ ТОП ҚҰРЫЛДЫ

МОБИЛЬДІ ТОП ҚҰРЫЛДЫ

ЖАСТАР ҮЙІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ЖИЫНҒА КЕҢЕС ТӨРАЙЫМЫ КҮЛЖАУҺАР РАЕВА МЕН КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ, ТИІСТІ БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.
Күн тәртібінде аудан бойынша мемлекеттік кірістер бас­қармасының үстіміздегі жыл­дың І тоқсанының қоры­тындысы, жолаушылар тасымалының жай-күйі мен әлеуметтік көмек көрсетудің ше­шіміне өзгеріс енгізу тура­лы, сондай-ақ, мүгедектер қата­рындағы кемтар балаларды же­ке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығынды өлшеу мөлшерінің тәртібін айқындау хақында, коммуналдық көрсетілетін қызметке ақы төлеу мен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету, 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихаттың шешімдері талқыланды.
Сонымен қатар, барлық сауда орнында берілетін чек мәселесі де назардан тыс қалмады. Әсілінде құрылыс заттарын сататын дүкенде аталған мәселе шешілмей отыр. Бұл жайында қоғамдық кеңеске келіп түскен шағымнан аңғаруға болады.
– Чек бізге не үшін керек? Ең алдымен адам денсаулығына бей-жай қарамау үшін. Мәселен, анасы баласына бір дүкеннен балмұздақ әперді. Ал бала сол күні науқастанып, балмұздақтан уланып қалды делік. Не істемек керек? Әрине сол алған затын дәлелдеу үшін осы чек міндетті түрде қажет болады. Сол үшін чек мәселесіне баса назар аударылып, бақылау жүргізуге мобильді топ құрылсын, – деді аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев.
Отырыс қорытындысымен ұсы­ныс-пікірлер сара­ланып, ­­қау­лы қабылданды. Яки, аудандық кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы О.Алдажаровтың хабарламасы қаперге алынып, сауда нүктелері, дәмхана, құрылыс заттарын сататын сауда орнындағы кассалық аппараттардың қолдануына жергілікті әкімдік пен тиісті сала мамандарынан құрылған топ түсіндірме жұмысын жүргізу ұсынылды. Сондай-ақ, «Қармақшы аудандық жолаушылар мен багажды автомобильдермен тұрақты түрде тасымалдау тарифін белгілеу» туралы әкімдік қаулысы, күн тәртібінде қозғалған аталмыш шешімдердің де жобасы мақұлданды.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
28 мамыр 2019 ж. 931 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031