ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК ОРНАТЫЛАДЫ
ҚАЗІР ЕЛІМІЗДЕ САЯСИ НАУҚАН. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘРБІР АЗАМАТ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАУЫНЫҢ ӘДІЛ ӘРІ АШЫҚ ӨТКЕНІН ҚАЛАЙДЫ. ОСЫ РЕТТЕ САЙЛАУҒА МОНИТОРИНГ ЖАСАЙТЫН «АМАНАТ» АЗАМАТТЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ ҚҰРЫЛДЫ. БҰЛ – ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢНІҢ ӘДІЛ ДЕ АШЫҚ ӨТУІНЕ МҮДДЕЛІ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ЕРІКТІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ.
«Айқын» мейрамханасында «Аманат» сайлауға бақылау жүргізу жөніндегі азаматтық платформасы аясында тәуелсіз бақылаушыларға арналған семинар-тренинг өтті. Шараны платформаның аудан бойынша жетекшісі Төрехан Байғабылов жүргізді.
Семинарда «Аманат» Азаматтық платформасының негізгі бағыттары жөнінде» Қызылорда облысы бойынша «Аманат» АП өкілі презентация жасаса, «Аудан бойынша «Аманат» АП қатысушыларының өзара әрекеттесуі» тақырыбында «Аманат» АП өкілі Изадилла Нарзилдаев, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы Гүлжауһар Раевалар хабарлама жасады. Сол секілді Қызылорда облысы бойынша «Аманат» АП капитаны Гүлсім Есбосын, аудан бойынша мобильді капитандар Гүлнар Бисенқұлова, Гүлнұр Қадірова, Гауһар Ұлықпановалар мобильді капитандарға трениг өткізіп, сұрақтарға жауап берді.
– Семинар-тренинг модулі халықаралық талаптарға және тәжірибеге сүйене отырып, бақылаушылардың міндеті мен мақсаты түсіндірілді. Семинар – сайлау туралы құқықтық талаптарға сай ақпарат беруді, сайлаушылар мен бақылаушылардың міндеттерін құқықтық негізде түсіндіруді, жергілікті сайлау комиссиясымен өзара бірлескен іс-қимылдар жасауға үйретуді көздейді. Жалпы платформа 5 бағытқа негізделген: теңдік, саналы таңдау, әділдік, келісім, сенім. Осы бағыттар арқылы халықаралық ұйымдар, ОСК, жергілікті сайлау комиссиясы, Жоғарғы Сот, жергілікті атқарушы орган, Бас Прокуратура, кандиттардың сайлауалды штабы, азаматтық және ғылыми-сараптамалық орталықтар өкілімен әріптестік орнатылмақ, – дейді семинардың модераторы Т.Тілеубайұлы.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».