» » Халықтың жүрегінен жол тапқан жобалар

Халықтың жүрегінен жол тапқан жобалар

Елдің болашағы мен халықтың баянды, берекелі тіршілік кешуіне жағдай жасау үшін, алдымен әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсарту шарт. Ел экономикасының орнықты дамуы әрбір елдімекенді дамытудан басталатыны сөзсіз. Нағыз сыншы – халық. Бағаны беретін де солар. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың халық алдындағы есебі осылай басталды. 
Әкім: «Өткен жыл еліміз үшін тарихи және саяси оқиғаларға толы жыл болды. Тәуелсіз қазақ елінің тарихында тағы бір маңызды бағдарла малық құжат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық сананы жаңартып, рухани жаңғырудың қыр-сырын айқындаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарияланды. Ең айтулы оқиғалардың бірі – Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен EXPO – 2017 халықаралық көрмесі өтті. Бұл – Қазақ­станның халықаралық аренадағы жоғары беде­лі мен Елбасымыздың көреген саяса­ты­ның нақты дәлелі» деп бастады сөзінің алғышартын.
Өткен жыл Сыр жұртшылығы үшін де жетістіктерге толы болды. Жылдың тағы бір айтулы оқиғасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Сыр еліне арнайы іссапармен келуі еді. «Елбасымыз ресми сапары кезінде, өңіріміздегі бірқатар әлеуметтік, құрылыс нысанында болып, аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының қолдауымен қала­мыз­да атқа­ры­лып жатқан тың жобала­ры­мызға, жаңашыл бастамаларымызға оң бағасын берді. 2017 жылы қаламыздың әлеу­меттік-экономикалық маңызды мәсе­ле­лері кезең-кезеңімен шеші­мін тауып, халық­тың әлеуметтік жағда­йын жақсартуда бір­ша­ма жұмыс атқарылды.
Қаламыздың инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымын дамытуда, жол сапасын жақсартуда кешенді шаралар қабылданып, қала қарқынды құрылыс алаңына айналды. Көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салынып, халық игілігіне берілді. Бұл – іргелі елдігіміздің, ынтымағы мен бірлігі жарасқан қызылордалықтардың ерен еңбегінің жемісі» деді қала басшысы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан халқына арнаған жаңа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жариялады.
«Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы, мемлекетіміздің алдағы дамуының жаңа кезеңін айқындайтын Қазақстанның бұлжымас саяси дәстүріне айналды. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алса, бұл жолғы Жолдауда Елбасымыз Төртінші жаңғыртудың негізгі 10 басым бағытын атап көрсетті. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік револю­ция әлеміне бейімделуге, жетістікке жетуге жол табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды» дейді Нұрлыбек Машбекұлы.
Қызылорда қаласының да өткен жылғы жетістіктері аз емес. 2017 жылдың басында қала бюджеті трансферттерді қоса есептегенде 30 млрд 831 млн теңге көлемінде бекітіліп, 2017 жылдың қорытындысымен 43 млрд тең­геге жетті. Оның ішінде кірісі де артып, яғни 9 млрд 800 млн теңгеден 17 млрд теңгеге ұлғай­ды. Өнеркәсіп кәсіпорындары өткен жылы 619 млрд 966 млн теңгенің өнімін өндірді.
Әкім өз сөзінде: «Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 37 млрд 188 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 14,6 пайызға артты. Жыл ішінде негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 105 млрд 322 млн теңгені құрап, облысқа салынған барлық инвести­ция­ның 43,7 пайызын құрады. Соңғы жыл­дары қаланың ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер жасалып, нәтижесінде егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы жыл сайын қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5 млрд 986 млн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыс­тырғанда 103,5 пайызға артты. Қала бойынша 251 шаруа қожа­лық­та­рының бірі­гуі­мен 21 ауыл шаруа­шы­­лығы өндіріс кооперативтері құрылды. Ауыл­ шар­уа­шы­лығы дақылдарының егіс көлемдерін әр­та­раптан­дыру мақсатында, барлығы 7 мың 621 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақыл­да­ры орналастырылды. Нәтижесінде, күріш­тен 16 мың 876 тонна өнім жиналды» деді.
«Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары аясында да нақты шаралар атқарылып, қала жұртшылығы табысты деңгейге жетті. «2017 жылы республикалық, облыстық, қалалық бюджеттерден қала инфрақұрылымын дамытуға барлығы 3 млрд 376 млн теңге бөлінді. Ауызсу, кәріз жүйелері мен ғимараттарын қайта жаңғырту инвес­ти­ция­лық бағдарламасына сәйкес, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 61 млн теңге, Ұлттық қор есебінен 545 млн теңге бөлін­ді. Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдар­ла­масы арқылы республикалық бюджеттен бөлінген 3 млрд 44 млн теңгеге қаламызда 34,4 шақырым ауызсу, 7,8 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаңғыртудан өтті. Соңғы 5 жыл ішінде Қызыл­орда қаласының ауызсу инфрақұрылы­мын дамытуға 16 млрд теңгеге жуық қаржы тартылды. Қазіргі таңда республика бойынша қалаішілік су құбыр­лары 70 пайыз толық жаңартылған, таза жерасты ауызсуын тұтынып отырған бірден бір қала – Қызылорда. Қаламызда жылу желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде» дейді қала басшысы.
Соңғы бес жылда қаладағы магистральды жылу желілерін жаңартуға 8 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған екен. Былтыр жылу жүйелері мен қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізді. Қала ішінде жолаушылар тасымалы да жолға қойылды. Қала тұрғын­да­ры­ның қоғамдық көлікке сұранысын қанағаттандыру және қаладағы көлік қатына­сы­ның сапасын арттыру мақсатында жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын жаңа үлгідегі автобус паркі пайдалануға берілді. Мұның ерек­шелігі, қоғамдық көліктердің техникалық жағ­дайын бақылаудан бастап, көлік жүргізу­ші­лері мен қызметкерлердің кәсіби білік­ті­лі­гін арттыруға қажетті барлық материалдық-техни­калық базамен жабдықталған. Сон­дай-ақ тұрмысы төмен отбасылардан шық­қан оқушылар мен студенттердің қоғам­дық көлікте жеңілдікпен жүруі үшін де облыс­тық бюджеттен 105 млн 507 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта қалаға жақын орналасқан елдімекендерден қала мектеп­те­рі­нде қатынап оқитын 5 мың 416 баланы арна­йы көліктер тасымалдауда.
«Соңғы жылдары Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселеп артты. Осындай ауқымды жобалардың нәти­жесінде, соңғы 5 жыл көлемінде қала­мызда жаңадан 12 ықшамаудан бой көте­ріп, 7 мыңға жуық жерлесіміз жаңа пәтер­ге ие болды. Былтыр қаламызда 230 мың шаршы метр болатын 2 мың 971 пәтерлік 61 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілді. Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысын дамытуға тартылған инвестиция көлемі 33 млрд 142 млн теңгеге жетті. Облыста атқарыл­ған құрылыс жұмыстарының 43,8 пайызы – Қызылорда қаласының үлесінде. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында 20 мыңға жуық жерлесіміз жұмыспен қамтылды. 2017 жылдың ең үлкен жетістігі – Қызылорданың бас жоспарына сәйкес Сырдарияның сол жаға­лауынан жаңа қаланың құрылысын бас­та­дық. Сол жағалауда құрылыс компания­ла­­­рының өз қаражаты есебінен 5 қабатты 18 тұрғын үйдің, 320 орынды балабақшаның, «Болашақ» университетінің студенттер қала­шы­ғы, жастар орталығы, Қазақ орталық атқару комитеті мұражайы ғимараттары салы­нуда» дейді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Жыл сайын мыңдаған қала тұрғынына пәтер кілті табыс етіледі. Қала басшысы баспанаға мұқтаж жандардың сұранысын қанағаттандыруға бар күш-жігерін салып келеді. Қызылорда қаласында апатты жағдай­дағы тұрғын үйлер мәселесі толық шешілді деп айтуға негіз бар.
Әкім: «Соңғы 5 жылда Қызылордада жол құрылысын дамытуға 23 млрд теңгеден астам қаржы тартылып, 500 шақырымға жуық жолымыз орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өтті. Сонымен қатар 1 млрд 550 млн теңгеге, ұзындығы 115,2 ша­қы­рым­ды құрайтын 38 көшеге жаяу жүргін­шілер жолдары, 1 млрд 357 млн теңгеге ұзын­дығы 142 шақырымдық 94 көшеге жарық бағаналары орнатылды. 72 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолдары мен автотұрақтары жөнделді. 87 спорт және ойын алаңы салынды. 2017 жылы да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, 3 млрд 212 млн теңгеге 137 көшеміз жөндеуден өтті. 1 млрд 426 млн теңгеге қала орталығындағы ұзынд­ы­ғы 5,8 шақырымды құрайтын Қорқыт ата кө­шесі қайта жаңғыртылды. Бұл көшеде 12 шақы­рым жаяу жүргіншілер жолдары, 156 дана түнгі жарық бағаналары, 19 аялдама салынды, екі бетіне суағар қарастырылды» дейді.
Бүгінде экономикамыздың негізгі қозғау­шы күші – кәсіпкерлікті дамыту. Елбасы осы бағытқа басымдық беріп отыр. Мемлекет тарапынан бұл саланы қолдауға барлық мүм­кін­­діктер жасалуда. 2017 жылы Қызылордада 25 мың 665 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 50 пайызы Қызылорданың үлесінде. Жыл көлемінде қала кәсіпкерлерінің қаражаты есебінен жалпы құны 6 млрд 465 млн теңгені құрайтын 176 кәсіпкерлік нысан іске қосы­лып, онда жаңадан 1 мың 760 жұмыс орны ашылды. Индустриялды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа жобалар жүзеге асуда. Қалада индустрия­ландыру картасына енгізілген құны 49 млрд 400 млн теңгелік 6 жоба жүзеге асырылуда.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдар­ға» арналған бағдарламасы бойынша 261 млн 700 мың теңгені құрайтын 55 жоба қаржылан­ды­рылған екен.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдар­ла­масы аясында Өңірлік үйлестіру кеңесінен 6 млрд 754 млн теңгені құрайтын 83 жоба мақұлданды, 29 жобаға 43 млн 310 мың теңге қайтарымсыз қаражат берілді. 2017 жылы «Даму-Аймақтар» бағдарламасы бойынша жалпы құны 837 млн теңгеге 34 жоба қар­жы­ландырылды. Барлық жобаның басты мақ­саты – халықтың игілігі үшін қала қазы­на­сын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу.
«Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі біздің назарымыздан тыс қалған емес. 2017 жылы қайырымды азаматтар мен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен, «Сыр жомарты және Наурыз мерейі» қайырымдылық айлығы аясында 3 мың 452 тұрмысы төмен отбасына 33 млн теңгенің қайырымдылық көмектері көрсе­тіл­ді. «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы жыл басынан бері екі рет ұйымдастырылып, демеушілер тарапынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған 2 мың отбасына көмек берілді» дейді қала басшысы.
Қаланы жасыл желекке айналдыру мақсатында көгалдандыру жұмыстарына да айрықша көңіл бөлініп келеді. Қалада 52 аллея мен сквер бар. Аталған аумақтарға жыл бойы мыңдаған көшеттер мен гүлзарлар отыр­ғызылды. Заман талабына сай қала мәде­ниеті мен шаһардың әсем келбетін айшық­­тайтын түрлі архитектуралық форма­лар орналастырылып, жаңа демалыс орындары мен саябақтар салынуда.
«Өткен жылы «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» ескерткішінің аумағы абаттанды­ры­лып, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылды. Тұңғыш Президент саябағы мен Рәміздер алаңы аралығынан жаңа демалыс саябағы салынуда. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда, аймақ басшысының тікелей бастамасымен бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Абай Дәулет» серіктестігінің демеушілігімен «Ана бақыты» аллеясы ашылды. Әуежайдың қалаға кіреберіс бағытынан қаламыздың сәулеттік келбетіне көрік берер жаңа қақпа пайдалануға берілді» дейді Нұрлыбек Машбек­ұлы.
Қалада тұрмыс сапасын арттыру және жаңа инновацияны кеңінен тарату мақса­тын­да «Ақылды қала» жобасы бойынша нақты шаралар қабылдануда.
Біріншіден, қала көшелерінде балалардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақсатында бі­лім ордаларының тұстарына светодиодты жол белгілері орнатылады. Сонымен бірге, Жібек жолы даңғылынан салынып жатқан жаяу жүргіншілер көпіріне мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау мақса­тында лифт орнатылған.
Екіншіден, жер қатынастары саласындағы заңбұзушылықтарды GPS геодезиялық құралы мен ArcGis бағдарламасын қолдана оты­рып, уақытылы анықтау жобасына 21 млн теңге қаралды. Нәтижесінде, жер қатынас­тары сала­сында заңбұзушылықтарды анық­тауға жұмсалатын уақыт 15 күннен 2 күнге дейін қысқарады.
Үшіншіден, қаланың халық көп шоғырланатын демалыс орындары мен саябақтарда ақпараттық ресурстарға және мемлекеттік көрсетілетін электронды қызмет­терге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Wi-Fi тегін интернет желісін ен­гізуге Orda Wi-Fi жобасы қолға алынуда. Қала тұрғындары мен қала қонақтарының қала әкім­дігімен тікелей байланыс жасауға, мәселелерді дер кезінде шешуге арналған мобильді қосымша іске қосылады.
Төртіншіден, бұл жұмыстармен қатар, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтама­сыз ету мақсатында, «Қазақтелеком» АҚ-тың қаржысы есебінен тұрғын үйлерге видео­домо­фондар орнатылуда. Осы жоба аясын­да тұрғындар үшін мобильді қосым­ша­лар жасалып, барлық ұялы телефондарға жүктеуге және 7 күндік мұрағат сақтауға мүмкіндігі бар.
«Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының тікелей басшылығымен, биылғы жылы өңдеуші өнеркәсіп саласында қуаттылығы жылына 197 мың тонна шыны шығару зауы­ты, қуаттылығы жылына 500 тонна молибден ұн­тағын өңдеу зауыты іске қосылады. Жоба­лар­ды іске қосу арқылы 300-ден аса жұмыс орындары ашылады. Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру мәселесі Қызылорда қала­сының бас жоспарына сәйкес жүзеге асы­ры­лу­да. 2017-2021 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы арқы­лы Сырдария өзенінің сол жағалауына орналасатын 220 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд 521 млн теңге бөлінді. Сол жағалауда 7,3 шақырым жоғары қысымды газ құбырын және автоматтандырылған газ тарату стансасын салуға 2017 жылы облыс­тық бюджеттен 200 млн теңге қарас­ты­рыл­са, биылғы жылы осы жұмыстарды жалғастыруға 300 млн теңге бөлініп отыр» дейді қала басшысы.
Қызылорда қаласында халық саны тұрақты өсіммен сипатталады. Осы ретте жер алу кезегінде тұрған азаматтарға тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беру мақсатында жеке тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыруға республикалық бюджеттен – 1 млрд 156 млн теңге бөлінді.
«Биылғы жыл еліміз үшін, біздің өңіріміз үшін айтулы оқиғаларға толы, тарихи жыл болғалы тұр. Тәуелсіздік жылдарында қол жеткен ең үлкен жетістігіміздің бірі – Сарыарқаның төрінен әсем Астанамыз бой көтерді. Биыл Елбасымыздың төл туындысы елордамыздың 20 жылдық мерейтойын, Сыр өңірінің бас шаһары – Қызылорда қаласының 200 жылдығын атап өтеміз. Тарихи тағылымы мен мағынасы терең қос мерейтойды атап өтудің маңызы зор. Арманымыз ақиқатқа айналған тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткен құнды жетістігіміз – тарихымызды қайта түлетіп, ұлттық қасиетіміз бен салт-дәс­түрімізді дәріптеуге мүмкіндік алдық. Туған топырақтың тарихын дүйім елге таныту, мерейін үстем етуге арналған мерейтойлық шаралар қазірдің өзінде бастау алды. Сыр өңірінің бас шаһарының 200 жылдық мерей­то­йына басты тарту – Қызылорда қаласының сол жақ жағалауындағы жаңа тұрғын ауданды пайдалануға береміз. 2017 жыл біздің өңіріміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, халық қалаған серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. Әрбір атқарылған істің артында бірліктің бесігін тербеткен халықтың адал пейілі мен елім деп еміренген мыңдаған азаматтың еңбегі жатыр. Қазақтың біртуар ардақты тұлғасы, халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев ағамыздың: «Бағалай білмегенге бақ қонбайды, Қуана білмегенге құт қонбайды» деген кемеңгерлік қағидасына сүйеніп, біржылдық белесімізді бағалап, көпжылдық келешегімізге бағытталған ауқымды тірлік­тер­ді бірге жүзеге асыруға, Қызылорданың бүгінін биік, келешегін кемел ету жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырамын» деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Жиын соңында Қызылорданың тұрғын­дары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Есеп беру жиынына қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы атқарылған жұмыстарға оң баға
07 ақпан 2018 ж. 1 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 996

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031