» » Кәсіпкерлерге жағдай жасалды

Кәсіпкерлерге жағдай жасалды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында партияның сайлауалды бағдарламасының «Жоғары технологияларды дамыту» бағыты бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының облыста жүзеге асырылу барысы» туралы мәселе күн тәртібіне шығарылды. 
Жиынды ашып, жүргізіп отырған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төраға­сы­ның бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев партияның 2016-2020 жылдарға арналған «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасам­паздық» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жоғары технология­лар­ды дамыту» бағыты бойынша комиссия мүше­ле­рінен құрылған жұмысшы тобы Жуалы мен Шу аудандарында болып, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асы­рылу жұмыстарына зерделеу жүргізгендігін жеткізді.
Жалпы, бағдарламаны іске асыру бойынша аймақта бірқатар жоспарлы жұмыстар атқа­рыл­ған. Дегенмен кемшіліктер де баршылық. Бұл туралы партия сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жоғары технология­лар­ды дамыту» бағыты бойынша комиссияның кураторы, облыстық мәслихаттың депутаты Абылай Сансызбай хабарлама жасады. Екі ауданда бағдарлама бойынша атқарып жатқан жұмыстары мен бірқатар кемшіліктерін тізіп шыққан Абылай Рысбайұлы алдағы уақытта орын алған олқылықтардың орнын толтыруға тынбай еңбек ету керектігін атап өтті.
Бағдарламаның жүзеге аса бастаған уақы­тынан бері барлық қаржы құралдары ар­қылы жалпы сомасы 96,8 млрд теңге бө­лі­ніп, 996 жоба бойынша мемлекеттік қол­дау көрсетіл­ген. Оның ішінде бағдарла­ма­ның «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша 82,0 млрд теңгені құрайтын 841 субсидиялау келісім­­шарттары жасалған. Республикалық рейтингте жыл қорытындысы бойынша облыс 4-орынды иеленіпті. Партиялық тыңдауда облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индус­трия­лды-инновациялық дамыту басқармасы бас­шысының орынбасары Жандәулет Кенже­бе­ков «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдар­ла­масының аймақта атқарылып жатқан жұмыстары мен қала, аудан бойынша іске асырылуын тілге тиек етті.
– «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралының жалпы кредиттік портфелі 3362,3 млн теңгені құрайтын 284 келісімшарт жасалынды, осы келісімшарт ішінде 262 жоба субсидиялау арқылы қолдау алды, ал жиырма екісі тек қана кепілдік алды. Республикалық рейтингте 3-орынды иеленудеміз. Мемлекет­тік гранттар беру бойынша 140,3 млн теңгеге 50 кәсіпкерге грант берілді. Өндірістік
(индус­триял­ды) инфрақұрылыммен қамта­ма­сыз ету бағыты бойынша 11,4 млрд теңгені құрай­тын 83 жоба мақұлданып, жүзеге асы­ры­луда. Банк несиелеріне кепілдік беру құралы бойынша 2010-2017 жылдар аралығында қолдау алған жобалар санына сәйкес Тараз қаласы, Шу, Талас аудандары алдыңғы қатарларды иеленіп отыр, ал Сарысу, Мойын­құм, Меркі аудандары соңғы орын­дарға жайғасқан, – деді Жандәулет Несіпбекұлы.
Жиында жарыс сөзге шыққан Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Әбдікерім Үркім­­баев пен Шу ауданы әкімінің орын­ба­са­ры Әлихан Балқыбеков бағдарламаны іске асыруда орын алған олқылықтардың орнын толтыруға уәде етті. Басқосу соңында бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
06 ақпан 2018 ж. 912 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031