МӘРТЕБЕСІ БИІК МЕМОРИАЛ
Биыл да сағына күтіп, кімнің асығы алшысынан түседі деп тағатсызданған көрерменнің қарасы қалың. Спорт кешені келген қонақ пен кент тұрғындарына лық толы. Сайыс десе делебезі қозар спортсүйер қауымың дәл осы күні ішер асын жерге қоярға бар. Әсіресе ауыл қарадомалақтары бұл спортқа әуес-ақ.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің биыл 74 жылдығы. Жыл сайын осы мереке қарсаңында ауданда Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан Халықаралық мемориал өтеді. Батыр атамыздың құрметіне арналған дүбірлі дода биыл 24-ші мәрте ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанатына облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен батыр ұрпақтары сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі. Самбо күресінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушы Қаймен Есендияров жерлесіміз, талай шәкіртті топқа салып, түлеткен Әділбек Серікбаевтың кеудесіне «Ерен еңбегі үшін» медалын тақты. Спорттағы биік белестері ескеріліп, ел атын өзге мемлекетке танытқан чемпиондар Бауыржан Райысов пен Ғалымжан Әбдірахмановқа биыл алғаш рет тағайындалған «Самбо саңлағы» төсбелгісін табыстады.
Осылайша жарыс жақсы жаңалық, ерекше марапатпен өз шымылдығын ашты. Сайыста Қазақстанмен бірге Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолиядан келген 15 команда 150-ге жуық самбошы бақ сынады. Небір балуандар боз кілемде белдесіп, шүмектетіп тер төкті.
Баласы атқа шапса, анасы үйде отырып тақымын қысардың кебі бізге де келді. Жерлестерімізге жанкүйер болып, жарысты тапжылмай көруге тырыстық.
Дүниежүзілік самбо федерациясының күнтізбесіне енген дүбірлі додада тоғыз салмақтың мықтылары анықталды. 52 кг салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен жерлестеріміз, қызылордалық Дәулет Тұрғанов І орынды иеленді. 62 кг салмақта белдескен Дамир Әбдековпен 68 кг салмақта өнер көрсеткен Олжас Талапбекұлы ІІІ орын қанжығаға байлады. Ал талай топтан тосылмай шығар Ғалымжан Әбдірахманов 74 кг салмақта ешкімге есе жібермей І орынға көтерілді. 82 кг салмақ дәрежесі бойынша Жайдар Есенов, 90 кг салмақта Ержан Абдуллаев, 100 кг салмақта Мақсат Исағабылов белдесуге түсіп, ІІ орынды қанағат тұтса, +100 кг салмақ дәрежесі бойынша Марат Баймаханов ІІІ орынды иеленді. Жарыс ұлттық спортты насихаттау мақсатындағы «Барыстар» белдесуімен жалғасты. Қазақ күресінен «Түйе палуандар» сайысына 18 алып қатысты. Бабы мен бағы қатар шапқан жерлесіміз Мақсат Исағабылов қарсыластарын шаң қаптырып,төбемізді көкке жеткізді. Қуанған халық орнынан тік тұрып, балуан құрметіне ұзақ қол соқты. Сенім ақталды деп бір-бірін құшақтап қуанды. Мәртебесі биік мемориалды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қармақшы ауданы әкімдігі, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, Т.Көмекбаев атындағы қордан жерлеске 2 000 000 теңгенің сертификаты табысталды. ІІ орынды Шымкенттік палуан Нұрдәулет Мыңғышов еншілесе, ІІІ орынға Ресейден келген Аслан Калбиев лайық деп танылды.
Алғашында республикалық, он жылдан бері халықаралық дәрежеде өтіп, «Мемориал» мәртебесін алған турнир талай саңлақтың бағын ашты, спорт әлеміндегі алғашқы баспалдағы болды.
Екі күнге созылған шараның алғашқы күні Жосалы кентінің орталық алаңында эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова мен «Назар» тобы, аудан өнерпаздары қармақшылықтарға мерекелік концерт арқылы керемет көңіл-күй сыйлады. Мұндай кеш Т.Көмекбаевтың туған жері Тұрмағамбет ауылында жалғасын тапты.
Алмас қылыш қап түбінде жатпайды. Батыр баласы Бағбан Тәйімбетов халық қалаулысы, елдің елеулі азаматы. Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет салған ақындық, жыраулық дәстүрдің насихатталуына, спорт өнерінің дамуына, білімге, ғылымға құмар жастардың өсіп-өнуіне көмек көрсетіп, үнемі демеушілік жасап келеді. Бұл дәстүрлі мемориалдың басы-қасында да өзі жүрді. Келген қадірлі меймандардың бәрі «Жастар саябағы» ішінде тігілкен киіз үйлерде берілген астан ауыз тиді. Қатысушыларға естелік сыйлықтар үлестірді. Ел үшін ерлік еткен аға буынның еңбегіне қандай құрмет пен қызмет етсек те жарасады. Артында ұлықтар ұрпағы барда, ерлікті бағалар елі барда халқымыз үшін қан кешкен қас батыр Т.Көмекбаевтың өр тұлғасы уақыт өткен сайын биіктей бермек.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».
Суреттерді түсірген Қазбек ТАЙБАҒАРОВ.