» » Мұндай баға тек бізде ғана

Мұндай баға тек бізде ғана

Биылғы қыс қысылып шығардай қатты болмады. Алайда қыстың аты қыс қой. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағында елдің қамын ойлар ерлер барынша қам қылып жатыр. Сонда қайтіп? Қазір базар барсаң, қалтаң қағылады. Баға ұшып тұр. Кеше бар баға бүгін жоқ. Саудагер дегенің пайдасын ойламаса саудамен айналысып несі бар? Бірақ, ел аш отпайды. Қолында барын пұлдайды, жоғына қарызданады. Әйтеуір күнелту керек.
Соңғы рет қашан базарға бардыңыз? Күнделікті қолданыстағы картоп пен жуа, сәбіз дегеннің бағасын көрдіңіз бе? 70-80 теңгеден басталып, 100 теңгеге жетіп жығылады картоптың бағасы. Бірақ аудан әкімдігі «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы тұрақтандыру қорымен бірлесіп баға тұрақтылығын сақтау мақсатында кент орталығында жәрмеңке өткізді. Күз болса түсінікті, көктемде жәрмеңке ұйымдастырғанға жол болсын деп барған жұрт таңырқап қайтты. Құр қайтпады, қаптап картобын, келілеп сәбізін, дорбалап ұнын алып қайтты. Сондағы баға мынау: картоптың, сәбіздің келісі 40 теңге, ұнның 50 келілік бір қабы 4000 теңге. Ұн дегеннің өзі І сорт. Бұл не деген батпан құйрық. Әдетте жұрт арзан дүниеге үрке қарайды. Бірақ бұл жолы тармасып, тырысып арзан өнімге бас қойды.
Сауда дегенді қойсайшы. Жергілікті саудагерлер де тұрғындармен таласып жәрмеңкеге ауыз салды. Мұндағы мақсат – "өз аяғымен келгеннен" құр қалмай алып қалу. Кейін базар бағасымен қайта сату. Аш көздік дейміз бе, әлде артық "ақылдылық" па, әйтеуір он-он бес қаптан тартынбай сатып алуда. Мұны байқаған жергілікті билік те қарап қалған жоқ. Аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов әуелі әр кісіге төрт қаптан артық сатпауды қатаң тапсырса, артынша үш қаптан артық саудаға салынбады. Себебі жәрмеңкеге әкелінген 10 тонна картоп пен 5 тонна өзге азық алыпсатарлардың "майлы жілігіне" айналары сөзсіз.
Айтпақшы, жәрмеңкеге келушілерді арандатушылар да болды. Арзан өнім болған соң, алып-қашпа әңгімелерін гулетіп әлекке түсті. Картоптың нашар екенін, ұнның сапасыз екенін сөз етуде. Әрине, арандатушылықтың астарында басқа дүние бар. Бұл да жергілікті саудагерлердің өз өнімін алуға итермелеудің амалы болар.
 – Баға тым төмен. Қуана үйге қажеттіні осы маңнан алдық. Елдің, халықтың жағдайын ойлап, арзан өнімді жәрмеңке ұйымдастырған атқамінерлерге қалайша алғыс айтпассың. Жәрмеңке жиі өтіп тұрса екен, – деді кент тұрғыны Н.Әлиасқаров.
– Азанда жұмысқа шыққанда жәрмеңке өтіп жатқанын естідім де, осында асықтым. Үйге екі қап картоп пен жиырма келі сәбіз, бір қап ұн алдым. Мына маңда жәрмеңкенің өнімі туралы жалаң өсек таратып жүрген жігіттер бар. Көзімізбен көріп, қолымызбен ұстап алдық. Өнім тамаша, баға да көңілге қонымды. Бастысы әкімдіктегілерге алғыс айтамыз, – деді О.Асқарұлы.
"ҚТ" ақпарат.
01 сәуір 2019 ж. 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031