Әр балаға – 21 мың теңге: министрлік жұртты мазалаған 10 сұраққа жауап берді
Атаулы әлеуметтік көмек – тұрмысы төмен азаматтарға және табысы төмен отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 сәуірден бастап төленетін атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын 10 сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған форматына өтініш қабылдау қашан басталады?
Өтініштер 1 сәуірден бастап қабылданады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.
Бір баласы барлар да 21 мың теңгені аладыЕгер отбасы ауылдық жерде тұрса – кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне барады.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қаңдай құжаттар қажет?
Өтініш беру және сәйкестендіру үшін жеке куәлік жеткілікті. Басқа құжаттар қажет емес.
Жәрдемақыны толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе?
Жоқ, міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес.
Әр балаға -21 мың теңге: депутат бала-шағасын өз күшімен асырап отырғандар туралы айттыМысалы, егер сіз құжаттарды уәкілетті органға 20 сәуірде тапсырсаңыз, онда төлемді де толық көлемде бір ай үшін аласыз.
Тұрғылықты мекенжай бойынша "прописка" болуы қажет пе?
Ия, қажет. АӘК тағайындау үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуде болуыңыз керек.
Жәрдемақыны есептеген кезде бірге тұратын туыстардың барлық табысы есепке алынатыны рас па? Бұл норма қайта қарала ма?
Атаулы әлеуметтік көмекті 2019 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындаған кезде отбасының бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін барлық мүшелері есепке алынады. Алайда, министрлік "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" заңға отбасы құрамын нақтылау бойынша толықтырулар енгізуде.
2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының құрамында тек жақын туыстар, яғни ата-ана, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған бала, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек бауырлар мен апа-қарындастар, ата, әже, немерелер есепке алынады.
Жәрдемақы алу үшін жан басына шаққандағы табыс қанша болуы тиіс? Жәрдемақының мөлшері қандай?
Егер отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы 20 789 теңгеден аспаса, отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бұл ретте кәмелетке толмаған балаларға 20 789 теңге мөлшерінде, ал ересектерге отбасының жан басына шаққандағы табысы мен АӘК критерийлерінің мөлшері арасындағы айырма төленеді.
Мәселен, ата-ана мен кәмелетке толмаған алты баладан тұратын отбасын алайық.Ай сайынғы табысы:
1) Әкесінің жалақысы – 150 000 теңге;
2) Көп балалы отбасыға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 10 504 теңге;
3) "Күміс алқамен" марапатталған көп балалы анаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы – 16 160 теңге.
Отбасының ай сайынғы табысы – 176 664 теңге.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен "Күміс алқа" жәрдемақысы алынып тасталды. Отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы орташа табысы келесідей есептеледі: 150 000 теңге 8 адамға бөлінеді = 18 750 тг. Тиісінше, отбасы АӘК көрсету критерийлеріне сәйкес келеді.
Көпбалалы отбасылар: мемлекеттен қандай жеңілдіктер мен жәрдемақы бар
Балаларға АӘК мөлшерін есептеу: 20 789 теңге*6 бала = 124 734 теңге.
Ата-аналар үшін АӘК мөлшерін есептеу: 20 789 тг. – 18 750 тг. = 2 039 теңге; 2 039*2 = 4 078 теңге.
АӘК жиынтық мөлшері – 124 734 тг. + 4 078 тг = 128 812 теңге.
Егер бұрын отбасы АӘК көрсету критерийіне сәйкес келмесе, онда 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасы 128 812 теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Осылайша, жаңа атаулы әлеуметтік көмекті ескере отырып, отбасының жалпы табысы: 176 664 тг. + 128 812 тг. = 305 476 теңге болады.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есепке алына ма?
Иә, отбасының жиынтық табысын анықтаған кезде жеке қосалқы шаруашылық ескеріледі. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі. Қағидаларда ел өңірлерінің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу нормалары айқындалған.
Балаға берілетін жәрдемақы 2019: кімге және қанша төленеді?
Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар жеке қосалқы шаруашылықты табыс көзіне жатпайды деп айқындай алады. Яғни, әкімдіктер өз қалауы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты ескермеуге құқылы.
1 сәуірден бастап отбасының жалпы табысын есептеу кезінде қандай табыс алынып тасталады?
АӘК тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын есептеген кезде мыналар есепке алынбайды:
4 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
"Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы;
баланың мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы;
студенттердің стипендиясы;
жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы төлемдер.
Көп балалы отбасыларды қолдау бойынша тағы қандай шаралар бар? Ол жайында толық мағлұматты қайдан алуға болады?
"Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын 16 160 теңге (6,4 АЕК) мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бүгінде 235 мың ана осындай құрметті атаққа ие.
Сондай-ақ, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар:
көлікке салынатын салықты және жер салығын;
тұрғылықты мекенжайын тіркеу, паспорт және жеке куәлік алу кезінде жасалатын нотариаттық және заң тұрғысынан маңызды әрекеттер үшін мемлекеттік баж салығын және т.б. төлеуден босатылады.
Сонымен қатар, 5 және одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған аналар 53 жасында зейнетке шығуға құқылы.
Бұдан басқа, министрлік азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі, оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы органдар есебінен көрсетілетін 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет шарасы кіреді, оның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы баспана жағдайын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және тағы басқа бар.Бірыңғай әлеуметтік пакетті енгізу елдің барлық өңірінде мұқтаж азаматтарға бірдей әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Мүгедек бала бағып отырған отбасыға қандай жәрдемақы төленеді
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және басқа да жеңілдіктер мен жәрдемақылар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталықтарынан, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, ауылдық әкімдіктерден, сондай-ақ 111 call-орталығы арқылы алуға болады.
Атаулы әлеуметтік көмекті неше жастағы балалар ала алады?
Жаңа механизм бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы немесе 20 789 теңге мөлшеріндегі кепілді төлем 18 жасқа дейінгі балаларға, ал орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда, білім беру ұйымын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) төленетін болады.