» » 2019 ЖЫЛДЫҢ 1 СӘУІРІНЕН БАСТАП АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ ӨТІНІШ ҚАБЫЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2019 ЖЫЛДЫҢ 1 СӘУІРІНЕН БАСТАП АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ ӨТІНІШ ҚАБЫЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша - "1 сәуірден бастап өтініш берудің қажеті жоқ. Себебі алдымен заң күшіне енуі керек. 
Соның негізінде министрдің бірнеше бұйрығына қол қойылады. Сөйтіп, аталған құжаттар жергілікті атқарушы органдарға түскеннен кейін өтініштер қабылдана бастайды.
Бірақ атаулы әлеуметтік көмектің бәрі 1 сәуірден бастап есептеледі. Себебі заң енді ғана қабылданады. Заң жобасы 28 наурызда Сенаттың кеңейтілген отырысына шығарылады. Одан кейін Сенат мақұлдап қолдаса, Президенттің қол қоюына жіберіледі.
Ал қазіргі заңға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек өтінішті берген күннен емес, берген айдан бастап тағайындалады. Демек, азаматтар 15 сәуірде келе ме, 29 сәуірде келе ме, бәрібір атаулы әлеуметтік көмек оларға 1 сәуірден бастап тағайындалады. Осы норма сақтала береді.
Сондықтан 1 сәуірден барып, өтінішті қабылдауды талап етсе де, жергілікті атқарушы органдар оны қабылдай алмайды. Олардың барлығы бұйрықты күтеді. Президент заңға қол қойды ма, ертесінде бірден бұйрық тіркеуден өтуі керек. Біз бәрін дайындап қойдық. Жергілікті атқарушы органдар да бірден хабарын береді».
Жоғарыдағы баяндалғанның негізінде Заң қабылданған соң барлық әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына атаулы әлеуметтік көмекке құжаттардың қабылдайтындығы туралы хабарлама жарияланатындығын назарларыңызға жеткіземіз.
Аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі
27 наурыз 2019 ж. 992 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 306
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 768

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930