» » "ҚАРМАҚШЫ АРУЫ - 2019" – ТӨЛЕБАЕВА ГАУХАР

"ҚАРМАҚШЫ АРУЫ - 2019" – ТӨЛЕБАЕВА ГАУХАР


Наурыз айының 18 жұлдызы күні Аудандық мәдениет үйінде Жастар жылына орай әр сала бойынша жас мамандар арасында өткен «Қармақшы аруы - 2019» байқауына 9 ару қатысып, 5 кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Байқаудың негізгі мақсаты – жас мамандардың өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы оларды ісмерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, жас мамандардың мәртебесін көтеру және оларға қолдау көрсету. Байқауға Раева Гүлжаухар Төлегенқызы - аудандық мәслихат депутаты, қазылар алқасының төрайымы, Арнұр Көшеней - Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры қазылар алқасының мүшесі, Әділ Ыбрахим - Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры қазылар алқасының мүшесі, қазылық етті.
Байқау нәтижесінде:
Бас жүлде – Төлебаева Гаухар /Жосалы кенті, Тоғжан балабақшасы/
І орын – Ибрахимбекова Нұргүл /Жосалы кенті, №30 мектеп/
ІІ орын – Жұматаева Ботагөз /Жосалы кенті, №121 мектеп/
ІІІ орын – Пірманова Назерке /Жосалы кенті, Аудандық емхана/
ІІІ орын – Қосжанова Гүлдана /Ақай ауылы, № 279 мектеп/ иеленіп, арнайы дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, "Көрермен көзайымы" номинациясымен Мұхамедиярова Малика /Жосалы кенті, Ер Төстік балабақшасы/, Бегман Жансая, Мақсатбаева Наргиза, Нәдірбекова Эльвира алғыс хаттармен естелік сыйлықтарына ие болды.
#Қызылорда облысы
#Қармақшы ауданы
#Қармақшы Аруы - 2019
18 наурыз 2019 ж. 2 040 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 108
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 696

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031