» » АҚЫН МҰРАСЫ ЖАҢҒЫРДЫ

АҚЫН МҰРАСЫ ЖАҢҒЫРДЫ

Шәмшат Төлепова атын­­­дағы мәдениет үй­інде аудандық жас­тар ре­сурстық орталығы мен «Са­на» зияткерлік жастар» қо­ғам­дық қоры және аудандық мәдениет үйінің бірлесе ұйым­дастыруымен Қармақшы ауда­нының құрылғанына және ақын, ұстаз, Мұқамбетқали Шыңғысов­тың туғанына 90 жыл толуына байланысты «Өмір­де өшпес із қалдырған – Қали ақын» атты мектеп оқушылары арасында мә­нер­леп оқудан аудандық байқау өтті.
Ақын Мұқамбетқали Шың­ғы­совтың өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау, ақынның өскелең ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке және қағытпа қалжың, астарлы әзіл арқылы тәрбиелеудегі азаматтық болмысын үлгі тұтып, адами қасиеттерді жастарға ұғын­дыру, сондай-ақ жастардың сахнада орындаушылық шебер­лігін шыңдау мақсатында өт­кен байқауға 16 жас талапкер қа­тысып, ақын шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша өзара сайысқа түсті.Тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор әдеби шара соңында әділ­қазылар алқасының мүшелері аудандық жастар ресурс­тық орталығының дирек­торы Әділ Ыбрахым мен Қы­зылорда об­лыс­тық жастар рес­урстық ор­талығының жұмыспен қамту бө­лімінің басшысы Жасұлан Тасабаев байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен бірге, байқау қорытындысымен жеңім­паз атанған Төретам кентіндегі №85 орта мектептің оқушысы Әсел Сабырбаева мен ІІ және ІІІ орын иегерлері төретамдық Рахат Төрежан және №26 орта мектептің оқушысы Сүйеніш Бекмырзақызын арнайы дипломдармен марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Н.ӘБІЛАХАТҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».
16 қазан 2018 ж. 1 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930