» » Түйіні ТАРҚАЙДЫ

Түйіні ТАРҚАЙДЫ

Мемлекеттің ең басты қа­зы­­насы – адам. Сондықтан халықтың әл-ауқатының артуы, олардың ойымен санасу, мұң-мұқтажын қадағалау – мемлекет үшін бірінші орында. Осындай кезекті мәселе аудан әкімінің тұрғындарды қабыл­дауында қаралды.
Аудан әкімінің, орынбасарының жеке қабылдауында болған Зоя Боранбаева Алдашбай ахун ауылдық округі әкімінің қызметіне, іс-әрекетіне наразылығын білдіріпті. Одан нәтиже болмады ма, қабылдауға қайта жазылады. Зейнеткер әкесі Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Бекпан Боранбаевтың Алдашбай ахун ауылындағы №111 мектепке атын беру мәселесін көтерді. Көкейде жүрген сауалға жауапты аудан әкімінің орынбасарлары жауап берді.
– Бұл өтінішті аудан әкімдігі жанындағы ономастика мәсе­лелері жөніндегі аудандық жұмысшы тобының кезекті отырысында қаралатыны жөнінде жауап хат берілді. Өтініш жан-жақты қаралып, комиссия тарапынан қолдау таппауына байланысты негізсіз деген шешім қабылданды, – деді Е.Меңлібаев.
Елбасы идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды, тарихи жер-су атауы мен ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгертуге тапсырма берді. Яки, объектілерді, әкімшілік-аумақтық бірліктерді және олардың құрамдас бөлігін кісі есімімен атауға немесе қайта атауға шектеу қойылған.
Ал Алдашбай ахун ауылындағы №111 орта мектепке Бекпан Боранбаевтың есімін беру туралы ұсыныс аудан әкімдігі жанындағы ономастика мәселелері жөніндегі жұмысшы тобының отырысында қаралып, облыстық ономастика комиссиясына қайта қарауға ұсынылады. Сондай-ақ қабылдауға келген Аягөз Алмабаева аудандық Агроколледж басшылығының декреттік демалыстан кейін жұмысқа қоспау мәселесі бойынша көмек сұрады. Қазір жұмыссыздық мәселесі де қызу талқыға түсіп жүргені жасырын емес. Жұмыссыздар қатарындағы Светлана Сырманаеваның да басты мәселесі осы. Мүмкіндік бар. Оны орайлы пайдаланса болғаны. Сонымен қатар Закира Төлегенова аудандық «Қармақшы таңы» редакциясында газет таратушы болып жұмыс істейді. Денсаулығына байланысты бұл қызметтен басқа жұмысқа ауыстыруға ықпал етуді сұрады.
- Бүгінде аудандық «Қармақшы таңы» газетінде Закира Төлегенова газет тарату бөлімінде 2016 жылдан бері тасымалдаушы қызметін атқарып келеді. Бітірген мамандығы экономист болғанымен, қазіргі таңда «Қармақшы таңы» редакциясы мекемесінде бос орын жоқ. Ауданы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығы КММ-нің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне «Жұмыс іздеуші ретінде тіркелген» жағдайда, жұмыс берушілерден келіп түскен сұранысқа сәйкес жұмыс ұсынылатын болады, – деді тиісті сала басшылары.
Аудан әкімінің ұсынысымен арнаулы білімі бола тұра жұмыс таппай жүрген Закира Төлегенованың баласына кәсіпкерлікпен айналысуға, мемлекеттік бағдарламалар негізінде несие алуға сала мамандары жәрдемдеспек. Өйткені, аудан әкімі С.Ысқақұлының айтуынша «Алма піссін, аузыма түссін» дейтін заман емес. Билікке, мемлекетке сары ауыз балапандай балапандай ауыз ашып отыруға болмайды. Мүмкіндік берді, сол мүмкіндікті пайдаланып, өзіңді жұмыспен қамты. Бар-жоғы осы. Сонда ғана жұмыссыздық мәселе болмайды.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
06 наурыз 2019 ж. 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031