«ROBOLAND-2019»

Аудандық оқушылар үйінде балалар технопарктерінің ашылу рәсімі болып өтті. Шараның мақсаты: еліміздегі қосымша білім беру жүйесіне 100 жыл толуына орай Елбасы жолдауында көрсетілген балалар технопарктерінің желісін қалыптастыру мақсатында ашылған «Робототехника», «3D-принтинг», «3D-модельдеу» үйірмелерінің жұмысын жандандыру. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы , «Нұр Отан»партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы,Аудандық білім бөлімінің басшысы Омаров Жарқынбек Тұрмаханұлы және БАҚ өкілдері қатысты. Құрметті қонақты балалар технопарктерін қалыптастырудың бастамасы ретінде ашылған «Робототехника» үйірмесінің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауында көрсетілген қажетті инфрақұрылымдары бар 3D кабинеттерінің жұмыс барысымен танысты.Техникалық бағыттағы әр үйірмеге 36 оқушы қатысып, барлығы 108 оқушы қосымша білім алады. 
Сонымен қатар шараға келген қонақтар Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «ROBOLAND-2019» байқауына қатысып, робототехника саласында инновациялық технологияларды қолданған дарынды оқушылардың жұмыстарымен танысты.

22 ақпан 2019 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 117
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031