» » Батырхан Шүкеновтің естелік медалі анасына берілді

Батырхан Шүкеновтің естелік медалі анасына берілді


Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты әнші және композитор Батырхан Шүкеновтің Кеңес Одағы әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 10 жылдығына орай берілген «Ауған соғысының ардагері» естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті.  Іс-шара кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналды.

1983 жылы жауынгерлердің рухын көтеру мақсатында «Арай» тобының құрамында болған Батырхан Шүкенов - Болат Сыздықов, Роза Рымбаева, Байғали Серкебаев, Наджиб Вильданов сынды  бір топ белгілі қазақстандық әншілермен бірге Ауған жерінің қанды соғыс орын алған ұрыс алаңы Қандағар, Құндыз, Бағрам, Кабул қалаларының госпитальдары мен ашық алаңында концерт қойды. Рухы мықты жауынгердің сағы сынбайды. Ал, сағы сынбаған әскер жеңіске жететіні сөзсіз. Сол себепті, оққа оранып өнер көрсеткен әншілер басты тапсырманың бірін орындағаны сөзсіз.

Өзінің шығармашылық жолын «Қазақконцерт» гастрольдік-концерттік бірлестігінде бастаған Батырхан Шүкеновтің медалі мекеменің қайта құрылуына байланысты 2016 жылы Орталық мемлекеттік архивке берілген. 2019 жылдың басында әншінің естелік медалі жаңадан құрылған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына қайта табысталды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты әнші әрі композитор, «Ауған соғысының ардагері» медалінің иегері Батырхан Шүкеновтің анасына құттықтау телеграммасы жеткізілді.
Іс-шара барысында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы Батырхан Шүкеновпен бірге Ауған жеріне гастролдік сапарға барған Болат Сыздықовтың естелігін көрермен қауымға жеткізді.
«Біздің ең қауіпті гастрольдік сапарымыз Ауған жерінде болды. Біз ол жерде қанды соғыс орын алған ұрыс алаңы Қандағар, Құндыз, Бағрам; Кабул қалаларының госпитальдары мен ашық алаңында  концерт қойдық. Ол гастрольдік сапарда тікұшақпен спираль жасап көтерілуге мәжбүр болдық. Себебі толассыз жауған жау оғы бізге де бағытталды» - деді ол.
«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы артына өшпес із қалдырған Батырхан Шүкеновтің медалін анасы Диляра Ибрагимқызы Шукеноваға салтанатты түрде табыстады.
«Барлықтарыңызға рахмет! Мен Батырды жоқ деп жүрсем, балам әлі тірі екен. Сендерді көргенде өзімді бақытты сезінемін. Ол Ауған жеріндегі гостролдік сапарын жиі есіне алатын. Елге тірі оралмай қаламын ба деген қорқынышы болғанын да айтқан. БҰл медаль Батырдың тірі кезіндегі өмірімді еске түсіргендей. Оның ұрыс алаңынан келгенде қуана қарсы алып, аман келгеніне шүкірлік айтқанымызды есіме салды. Бұл өмірден кім келіп, кім кетпеді. Олардың іздеусіз қалғаны қаншама?! Ал Батырдың іздеушісі бар.  Оның әні, шығармашылыға халықтың жадында, жүрегінде сақтаулы.  Жақында Батырдың достары мен оның шығармашылығы жайында кітап шығарып, еліміздің барлық музыкалық оқу орындарына таратылды. Бұл – мен үшін үлкен бақыт,- деді Диляра Шукенова.
Назерке АБАБУЛЛА
syrboyi.kz
16 ақпан 2019 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031