» » Қызылорда мектептерінде «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашыла бастады

Қызылорда мектептерінде «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашыла бастады


Қызылорда қаласындағы мектептерінде «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашыла бастады. Оқушылардың тың ізденістеріне серпін беруді көздеген игі бастама Қызылорда қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы мектепте жалғасын тапты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kzақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
 Енді оқу ошағындағы танымдық шаралар мен үйірме жұмыстары осы жерде өтетін болады. Сондай-ақ түрлі үйірмеге біріккен жастар мектеп мұражайын ашып, оған жәдігерлер жинақтауға кіріскен. Әзірге шағын музейге алғаш болып, мектеп түлегі, Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі теміржолшы Мешітбай Қаржаубаевтың орден-медальдары мен тұтынған заттары қойылды.
«Біздің өлкеміздің тарихи жәдігерлерін жинақтап, өзіміздің мұражайымызға әкеліп қойып, оны одан әрі нығайта түсеміз. Келген адамға тамсандыратындай көп нәрсе жасаймыз деген үміттемін», – дейді оқушы Айдана Мақсұтқызы.


«Сен білімді бол, сен ақылды бол, бірақ соның барлығы еңбекпен келетінін сол балдарға паш еткізіп, сол балдарға түсіндіріп, солар түсінсін, солар көрсін деген мақсатпен мына іс-шараға көңіліміз толып, рахметімізді айтамыз», – дейді ардагер ұстаз Аршагүл Қаржаубаева.


11 ақпан 2019 ж. 1 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930