» » ӨЗІҢНЕН БАСТА!

ӨЗІҢНЕН БАСТА!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясында облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жас қызметкерлері облыстық тарихи-өлке тану музейін аралады
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деп айтылған болатын. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелердің жас қызметкерлерін патриоттық және рухани-эстетикалық тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау мақсатында Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Жас қызметкерлер тарихы терең музейде өлкеміздің табиғаты, өнері, тарихы, мәдениеті жайлы сыр шертетін 14 залын аралады.
Мұражай қызметкерлері музейдің экспозициялық залдары бойынша музей қорындағы құнды экспонаттар мен музей тарихынан толық мәліметтер көрсетіп,кеңінен мағұлмат берді. Музей экспонаттары – халық тарихы мен өнерін қамтитын талай замандардың тірі куәлары Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани мекемеден жас қызметкерлер тамаша әсер алып қайтты.
09 шілде 2018 ж. 1 878 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 068
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031