Құрылтай
» » Қызылорда мектептерінде сатушысыз дүкен ашылды

Қызылорда мектептерінде сатушысыз дүкен ашылды

Қызылорданың бірнеше мектептерінде сатушысыз дүкен ашылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және қалалық білім бөлімінің бастамасы негізінде №3, 101 және 264 мектептерде сатушысы жоқ «Адалдық дүкендері» ашылды.
"Адалдық дүкені" алғаш рет өткен жылдың желтоқсан айында ашылған болатын. Алғашында Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университет қабырғасынан бой көтерген адалдық бағытындағы нысан енді орта мектептерде де есігін айқара ашуда.
Жаңашыл дүниені мектеп оқушылары жылы қабылдауда. Сыр өңіріндегі серпінді жоба өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген. Мұнда ұстаздар мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауардың ақшасын арнайы жәшікке қалдырады. Дүкенде ешкім сатып алушыларды бақыламайды және тауардың ақшасын төлемей алып кетуіне кедергі жасамайды. Мұнда бейнебақылау камералары, тіпті күзет те жоқ. Барлығы сенім мен адалдыққа бағытталған.  

30 қаңтар 2019 ж. 1 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31