» » «Қазақстан –мейірімділік мекені»

«Қазақстан –мейірімділік мекені»

Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; тәриелеу мақсатында «Қазақстан –мейірімділік мекені» атты республикалық акция аясында Қармақшы аудандық білім бөлімі жұмыс жасауда. Оқушыларға мейірімділік, жанашырлық, қайырымдылық сезімдерін дамыту, ниеттес, тілектес, сыйлас болуға тәрбиелеу мақсатында №272 мектепте тәрбие сағаттары өтілді. Іс-шаралар топтық жұмыс түрінде өтілді. Тәрбие сағаттары оқушылардың амандасуымен басталды. Оқушылар дөңгелене тұрып, барлығы интербелсенді тақтаға қарап, күлкі бейнеленсе, бір – біріне күлімсірей қарап, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесіп, жүрек бейнеленсе – құшақтасып амандасты. Тәрбие сағатының тақырыбын ашу үшін оқушылар үш топқа бөлініп, тапсырмалар орындады: топтың атына сәйкес ұран жазу; «Мейірімді бала» тақырыбындағы мәтінмен жұмыс жасау; адамгершілік құндылықтарға байланысты сұрақтарға жауап беру; мақалдың жалғасын табу және «Қайырымдылық неден басталады?», «Ең мейірімді жан кім деп ойлайсың?» «Мен қоршаған ортаға қандай қайырымдылық жасай аламын?» тақырыбында постер қорғау. Қорытынды бөлімінде үш топқа берілген қима қағаздарды жабыстырып, үлкен жүректің суретін құрастырып шығып, оқушылар қайырымдылық – үлкен жүректен болатынын айтып, тәрбие сағатының тақырыбын ашты. Тәрбие сағатының соңында балалар бір-бірлеріне тілек айтып, стикерге жазып, жүректің айналасына жабыстырып шықты. Барлық тәрбие сағаттары өз мәнінде өтілді. №80 мектепте қарт адамдарға көмек көрсету, үлкендерді құрметтеу, ата- әжелердің ақылдарын тыңдап, ақ батасын алу мақсатында 6 сынып оқушылары жетекшісі Қ.Науановамен бірге көшедегі ардагер кісілерге көмек қолдарын созып, әжелердің, үлкен қарт кісілердің ауыр заттарын үйлеріне апарып, жалғыз басты қарт кісілерге көмектесті. Игі істер жалғасын таппақ.

06 ақпан 2019 ж. 1 961 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031