» » «Қазақстан –мейірімділік мекені»

«Қазақстан –мейірімділік мекені»

«Қазақстан –мейірімділік мекені» атты республикалық бастамасының өңірлік іс шаралар жоспары бойынша Қармақшы аудандық білім бөлімі жұмыс жасауда. №30 мектепте 2019 жылдың 21 -25 қаңтар аралығында «Табиғат –тіршіліктің өмір нәрі»тақырыбында апталық өткізілді. №183 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдан бұйымдар әзірленді. Үйден оқитын 9 «Б» сынып оқушысы Жалғасова Наргиз өзі қолдан бұйымдар жасап мектептің көрмесіне өз үлесін қосты. «Жақсылық жасауға асығамыз» тақырыбында оқушылар,Томанов көшесінде тұратын жалғыз басты Шукенова Қалдыгүл әженің үйіне барып қораның қарын тазартуға көмек көрсетті. №272 мектеп Республикалық балалар бастамасының маңыздылығын ескере отырып, технология пәнінің мұғалімі С.Жанқуатова бірінші сынып білім алушыларына кеңсе құралдарын табыстады. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі А.Н.Сайфуллина аз қамтылған отбасынан шыққан екі оқушыны қыстық сырт киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етті. 5«Ә» сыныбында «Мейірімділік жүректен» атты тәрбие сағаты оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту,әңгімелесе отырып, қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар суреттер салып, бейнетаспа көрді, әңгімелер тыңдады, жағдаяттарды шешіп, сұрақтарға жауап берді. Игі істер жалғасын табады.
31 қаңтар 2019 ж. 2 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 479
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930