Құрылтай
» » Премьер-министр өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты

Премьер-министр өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты


Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі отырысымызды өткен жексенбіде, дүйсенбіге қараған түнде Астанадағы қайғылы оқиғадан бастағым келіп отыр. Өрт кезінде бір үйдің өрімдей 5 баласы қаза болды. Жантүршігерлік жағдай. Бір отбасының басына түскен ауыр қайғы. Ай-күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына құдай күш-қуат берсін дейміз! Марқұм болған балалардың ата-анасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Алда мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін деп тілейік», - деді Премьер-министр.

Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанада өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылғы 5 қыз баланың денесі табылды.

Олардың кішісі небәрі үш айлық сәби еді. Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.

05 ақпан 2019 ж. 788 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 19:18
Brand Name Viagra propecia for sale Levitra Es Mejor Que Viagra Where To Purchase Cialis Macrobid Tablets Medication Cash Delivery Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 558
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 024

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031