» » Бүгін Ресейде қаралы күн

Бүгін Ресейде қаралы күн

Ресейде президент Владимир Путиннің жарлығымен 28 наурыз Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрт құрбандарын ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бұған дейін Ресейдің бірнеше аймағында Кемероводағы өрттен ондаған адамның құрбан болуына байланысты қаралы күн жарияланған. Кемеровода құрбандарды еске алу мақсатында аяқ асты ұйымдастырылған акцияға қатысушылар билікті қаралы күнді «қаза тапқандардың саны анықталғанда ғана жариялады» деп кінәлады. Ресми дерек бойынша, өрттен 64 адам қаза тауып, 40-тан астам адам зардап шеккен.
Сейсенбі күні түске дейін Кемерово қалалық әкімдігі алдында митинг өтті. Шараға қатысқандар қайғылы оқиғаға жауаптыларды жазалап, қаза тапқандардың нақты санын айтуды талап етті. Қаза тапқандардың туыстары мен өрт кезінде сауда орталығында қамалып қалғандар ресми дерекке сенбейді.
«Зимняя вишня» сауда және ойын-сауық орталығында өрт 25 наурыз күні күндіз басталып, 26 наурыз күні таңертең сөндірілген.
28 наурыз 2018 ж. 1 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031