» » Кемероводағы өртте Павлодар қаласының тумасы көз жұмған

Кемероводағы өртте Павлодар қаласының тумасы көз жұмған

«Зимняя вишня» сауда орталығында болған алапат өрттен қаза тапқандар қатарында Павлодар қаласының тумасы Марина Баранова және оның Кемеровода тұратын қызы мен үш немересі бар екені анықталды. Бұл ақпаратты біздің арна тілшілеріне «Павлодар су арнасы» мекемесінің өкілдері хабарлады. Марина Баранованы жерлеу рәсімі ертең Кемерово қаласында өтеді. Айта кетейік, қайғылы оқиғадан 64 адам көз жұмды. Оның 25-сінің жеке тұлғасы анықталды. Кемеровоға бүгін таңертең Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арнайы келіп, қайғыдан қабырғасы қайысқан халыққа көңіл айтты. Владимир Путин, Ресей Президенті: – Күллі Ресей халқы ауыр қайғы-қасіретке ортақтасып, қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтады. Жазымнан жан тапсырған марқұмдарды бір минуттық үнсіздікпен еске алайық. Бұл ұрыс алаңында болған жайт немесе шахтадағы жарылыс емес, жантүршігерлік оқиға болды. Жұрт бұл жерге балаларын ертіп, демалу үшін келген еді. Бізде демография туралы ұдайы айтылады. Алайда қаншама жазықсыз жандар қапыда қаза тапты?! Меніңше, алапат өрт салғырттық салдарынан болған. «Ауруханада емделіп жатқан күйік шалған 15 адамның 13-інің жағдай жақсарып келеді», – дейді дәрігерлер. Айта кеткен жөн, отқа оранған сауда орталығындағы құтқару-іздестіру операциясына 300-дей адам жұмылдырылған. Ал елдің төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері ғимаратта қайта монтаждау жұмысын жүргізу мамандар өміріне қауіпті екенін алға тартып отыр. 

27 наурыз 2018 ж. 1 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930