Топ-баннер
» » ЕЛБАСЫ ДЕНИСТІҢ АТА-АНАСЫНА ҚОҢЫРАУ ШАЛДЫ

ЕЛБАСЫ ДЕНИСТІҢ АТА-АНАСЫНА ҚОҢЫРАУ ШАЛДЫ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің ата-ана­сы­на жеке көңіл айтып, жанға сүйеу, көңілге демеу сөздерін өзі жет­кізді. Бұл туралы «Қазақпарат» ақ­парат агенттігіне берген сұхба­тында Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
Оның айтуынша, Тәуелсіз­діктің түлегі саналған даңқты спортшының қазасы Елбасының да қабырғасына батты. Ұршықтай үйіріліп, 2014 жылғы қысқы Олим­пиадада қола жүлдесімен бүкіл Қазақстанды 25-орынға көтерген Ұлы дала ұланының қыршыннан қиылуы қазақстан­дықтардың қабырғасын қайыс­тырған болатын.
«Елбасы қайғылы жағдайда Денис Теннің мерт болғаны ту­ралы хабарды терең қайғыра оты­рып, үлкен өкінішпен қабылдады. Денис Тен жас кетті, ол дарынды еді, тамаша тұлға болатын. Оны әлемнің көптеген елінде, әсіресе, Отаны Қазақстанда жұрт­шылық құрметтеді және сүйді. Мемлекет басшысы қысқа, бірақ жарқын өмірінде отандық мәнерлеп сырғанау спортының қалыптасуы және тұтастай алғанда, қазақстандық спорттың өркендеуі үшін көп еңбек сіңірген спортшының туыс-туғандарына шұғыл түрде көңіл айту жеделхатын жолдады. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев телефон шалып, Денис Тендей біздің жастарға лайықты үлгі болар өнегелі өренді, нағыз патриотты тәрбиелеген оның ата-анасына шын жүректен шыққан демеу сөздерін білдіріп, жеке көңіл айтты. Елбасы Денистің мезгілсіз өмірден өтуі оның туған-туыстары үшін де, сондай-ақ бүкіл ел үшін де орны толмас қайғы екенін айтты. Фигуристтің ата-анасына қолдау және көңіл айту сөздерін жеткізген Қазақстан Президенті оларды осы қылмыстың жасалуына айыптылар жауапкершілікке тартылатынына сендірді» деді А.Үкібай.
21 шілде 2018 ж. 1 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 550
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 354

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031