» » БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН


Аудан əкімі Сұлтан Мақашовтың аудан тұрғындарымен кезекті есепті кездесуі Жосалы ауылдық округінде өтті. Өткен жыл Төребай би ауылы тұрғындары үшін біршама ілкімді істермен айшықталды десек артық айтқандық емес. 50 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Ауыл бөбектері үшін балабақша жанынан бөбекжай ашылып, сәбилерді шат-шадыманға бөледі. Сондай-ақ, О.Қазиев көшесіне жарық орнатылып, ауыл орталығын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Келте арық» каналы тазартылды. Тұрғындар арасында осы уақытқа дейін түйінді мəселе болып келген «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодəлізінен ауыл орталығына дейінгі автожолға асфальт төселді.
Сонымен қатар, төребайбиліктер үшін негізгі кə­сіп саналатын ауылшаруашылығы саласы бойынша да бірнеше жоба іске асырылды. Өткен жылы жеке тұр­­­­­ғындар 58 гектарға бақша, 32 гектарға көкөніс, 32 гек­тарға картоп ексе, көптеген тұрғындарды тұ­рақты жұмыспен қамтып отырған шаруашылықтар 40 гектарға күріш, 40 гектарға бақша, 30 гектарға кө­­к­өніс пен картоп егіп, ауыз толтырып айтарлықтай өн­ім алды. Диқандар жаз бойы күтіп-баптап өндірген өні­мін Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен Жосалы кенті және көршілес ауыл тұрғындарына базар ба­­ғасынан арзанға сатып, нәпақасын тапты. Тіпті, Жо­са­­­лының тіл үйірер қауындарын өңір тұрғындары асы­­­­ға күтіп, көптеп сатып алғандардың да куəсі бол­дық.
Міне, осындай берекесі тасыған өңірдегі есеп­­ті кездесуде аудан басшысы Сұлтан Мақашов өт­кен жылы өңір бойынша атқарылған жұмыстарды са­ралаған соң, ауыл тұрғындары Нағашыбай Өте­мұ­­ратов, Кенжебай Дүрғазиев, Алтынбек Сарбасов, Дəуіржан Қалдашбаевтардың ауыл орталығына аяқ су əкелетін каналды тазарту, жаңадан клуб үйін салу жəне басқа да шешімін таба алмай келе жатқан сауалдар аясында түсінік беріп, өз ойын пайымдады.
Елімізде Кеңес Одағы Үкіметі билік еткен жыл­дары Қармақшы ауылы Сыр бойында мал ша­руа­шы­лығын өркендету мақсатында айрықша рөл ат­қарған өңірдің бірі болды. Ауылдық округте сол жыл­дары 50 мыңға дейін қой өсірілді. Түйе мен жыл­қы, мүйізді ірі қараны да көбейтті. Жылдан жылға көркейіп-гүлденіп келе жатқан округте ауыл əкімі Əлімбай Білжановтың айтуынша өткен жы­лы бірнеше көше жарықтандырылып, шағын жә­не орта кəсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыспен қам­ту­да төрт түлік пен құс шаруашылығын дамыту ба­­­ғытында бірнеше жоба іске асырылды. Ауыл кə­сіп­керлері тұрғындарға азық-түлік жəне басқа да тұр­­­мыстық қызмет түрін көрсетуде. Міне, осындай іргелі істермен ерекшеленген ауылдың тыныс- тір­ші­­лігіне ризашылық білдірген аудан басшысы Сұл­тан Ысқақұлы тұрғындардың еселі еңбегін үлгі ре­тін­де айта келе, өңірде өткен жылы және алдағы уақытқа жоспарланған жобаларға тоқталды. Содан кейін, ауыл тұрғындары Әбдулхамит Әкімтаев, Серік Есжановтың аудан орталығына қатынайтын көлік қатынасын реттеу, бұрындары Абыла стансасына аялдайтын поездардың жұмысын қайта қалпына келтіру, Қызылтам елді мекенінің кіреберісіне күрделі жөндеу жүргізу сияқты сауалдарға зейін қойып, нақты жауабын да берді.
Қармақшы ауылында өткен алқалы жиынға ҚР Президенті Əкімшілігінің инспекторы Нұрлан Ті­лешов, облыс əкімі аппараты басшысының орынбаса­ры Серік Шотаев, облыстық мəслихат депутаты Рай­күл Байназарова жəне аудандық мəслихат хатшысы Ма­рат Наятұлы қатысты.
Аудан əкімі Сұлтан Мақашовтың Жосалы кенті тұрғындарымен өткізген есепті кездесуі аудандық ішкі істер бөлімі əкімшілік полиция бөлімшесінің бас­тығы Бағдат Ақтаевтың кент бойынша қо­ғам­дық тəртіпті қамтамасыз ету, оның ішінде кент тұр­ғындары арасында жасалған қылмыстық, тұрмыстық істер мен басқа да шаралар жайын баяндауымен бас­талды. Жиын одан əрі Жосалы кентінің əкімі Шыңғыс Сыздықовтың кент бойынша атқарған жұмыстары жайындағы хабарламасымен жалғасын тапты.
Расында, биыл да жылдағыдай аудан орталығын абаттандыру жəне көркейтуде өрелі істер істелді. Сонымен бірге, кентте №183 орта мектеп пайдалануға берілсе, бірнеше көшеге жарықтандыру жəне жөндеу жұмысы жүргізілді. Балалардың жазғы демалысына арналған тынығу лагерінің құрылысы жалғасуда. Елбасының жан-жақты қолдауына ие болған кəсіп­керлер де тұрғындардың күнделікті сұранысын қам­тамасыз ету мақсатында түрлі бағытта кəсіп­керлік нысандар ашып, ел-жұрттың ықыласына бөленуде.
Есепті жиынның келесі бөлімінде аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы өңір бойынша өткен жылы өрнектелген келелі істерді, оның ішінде аудан эко­но­микасының өсу динамикасын саралап, əр сала бой­ынша қол жеткізген жетістікті баяндады. Мемлекет басшысының елімізде кəсіпкерлік саласын дамытуға, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы сөз қозғады.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
30 қаңтар 2019 ж. 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 85

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930