» » Оқушылар қанатын қомдады

Оқушылар қанатын қомдады

Мектепті бітіргелі отырған оқушыларды «қандай мамандықты таңдаймын?»
немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ой мазалайды. Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндігін шешу үшін ұстаздардың да ықпалы өте маңызды. Кешегі түлектер, бүгінгі студенттер мен оқушыларды кездестіріп, ой бөлісу мен пікір алмастырудың маңызы зор.

Осыған орай А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде «Бүгінгі таңдаған мамандық – ертеңгі жарқын болашақ» атты дөңгелек үстел өтті. Үрдіске айналған бұл шара биыл да кезегін тауып, оқушыларды кешегі түлектермен жүздестірді. Пікір алаңын директордың бейінді бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Дәулет Кәрібайұлы ашып берді. Сөз жалғасын алған студент қонақтар өздерін таныстырудан бастап, былтырғы ҰБТ нәтижесінен сыр шертті. Жоғары балл алған түлектер қалаған оқу орындарына түскендерімен мақтанып жатса, «Серпін» бағдарламасы бойынша грантқа түскендер де бар екен. Сол сынды бағын сынаған грант иегерінің бірі – Еркемай Қайратқызы.
– Біз жинаған баллымызға қарай оқу орнын таңдар кезде мектебіміздің мұғалімі Дәулет Кәрібайұлының көп көмегі тиді. Мен, Алматы, Қарағанды сынды үлкен қалаларды таңдағанымда, маған «Серпін» бағдарламасын ұсынып, басқа да облыс­тарды таңдауыма жол көрсеткен еді. Міне, ұстаздың кеңес бергенінің арқасында Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығына грантқа түстім, – деді ол.

Аталған оқу орнында студентке барлық жағдай жасалғанын, тіпті бітіргеннен соң жұмысқа орналасуға ықпал жасайтынын да мақтанышпен жеткізді. Одан кейін пікір алаңы бітіруші түлектердің сұрақтарына ойыс­ты. Көкейде жүрген қорқыныш тұманын сейілту үшін, былтырғы ҰБТ-да қандай дайындық жоғары балға жеткізгенін басты сауал етті. Бірі – репетитордың көмегін айтса, енді бірі – күні-түні дайындық пен ізденістің пайдасын алға тартты.

Шара соңында мектеп психологы Ағайша Шайхиева 11 сынып оқушылары мен мектептен түлеп ұшқан түлектер арасында ойын ұйымдастырып, кеш мәресін қорытындылады.


Ерсін Сәдуұлы

24 қаңтар 2019 ж. 803 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031