Мамандық таңдау
№99 орта мектебінде «Мамандық таңдау-табыстың кілті» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға басшылық еткен бейінді бағдарлы оқыту орынбасары К.Құдайбергенова жетекшілік етіп және 9-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға Ақай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Д.Тажимбет , А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің мұғалімі А.Әбуова, Байқоңыр қаласы Өрт сөндіру бөлімінің №13 төтенше жағдай департаментінің қызметкері Қ.Кәрібаев, ауыл кәсіпкерлері С.Қаржауова, Қ.Айнауова қонақ ретінде шақырылды. К.Құдайбергенова «Серпін-2050» жобасы және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды жүзеге асыруға арналған оқу орындарының және мамандықтардың тізбесі, оқу орындары бойынша орындар бөлінісін таныстырды. Сонымен қатар, Ақай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Д.Тажимбет жиналғандарды ауылдық округте техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топ мүшелерімен таныстырып, бағдарлама аясында қатысушылардың санаттары, мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндірме жүргізді. Іс-шараны мектеп директоры П.Тулемисов оқушыларға болашақта мамандық таңдауда сәттілік тілей отырып Ж.Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» ұлағатты сөзімен қорытындылады.