» » ƏКІМ ЕСЕП БЕРДІ

ƏКІМ ЕСЕП БЕРДІ


Аудандық Шəмшат Төлепова атындағы мəдениет үйінде аудан əкімі Сұлтан Мақашов өңір тұрғындары алдында өткен жылы өңір əлеуетін көтеріп, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін нығайту мақсатында жүзеге асырылған ілкімді істер туралы баяндап, алдағы уақытқа мақсатталған жоспар жайына тоқталды.
Жиынның келесі бөлімінде кент тұрғыны Шегебай Құндақбаев Жосалы кентіндегі электр жарығы желілері мен аудандық электр жарығын тарату стансасын жаңғырту, Əбдімүтталап Ниязбаев Төретам кенті тұрғындары үшін көптен шешімін таппай келе жатқан күрмеулі мəселенің бірі - тұрғын үй салуға жер бөлу туралы, Қуаныш Төреев ауданда жастар саясатын қолдау, ауданға жаңадан келген имамды баспанамен қамтамасыз ету, аудандық емхана қызметкерлерінің жалақысын төлеуді тұрақтандыру, Зоя Боранбаева Алдашбай ахун ауылы тұрғындарын жан-жақты қолдау, кент көшелеріне жөндеу жүргізу, жол белгілерін реттеу, зейнет жасына шықса да еңбек етіп жүрген мамандарды жас мамандармен ауыстыру сынды сауалдар қойып, қойылған сұрақтар аясында аудан əкімінен тұщымды жауаптар алды.
Алқалы жиынға "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, облыстық мəдениет жəне архив басқармасы басшысының орынбасары Əділбек Ерсұлтанов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева жəне облыстық мəслихат депутаттары қатысты.
Нұрбай Жанəділов.
23 қаңтар 2019 ж. 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930