» » ҚАЗАҚСТАН ЕКПІНДІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАТАРЫНДА

ҚАЗАҚСТАН ЕКПІНДІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАТАРЫНДА

Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл басын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдаумен ашты. Бұл – Елбасының адамзат қадам басқалы отырған дәуірдің сипатына сәйкес еліміздің даму бағдарын бекемдеуге бағытталған кезекті маңызды мәлімдемесі. 
«...Әлем Төртінші өнер­кәсіп­тік революция дәуіріне, техно­логиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезе­ңіне қадам басып келеді», деген тұ­жырымның астарында Пре­зи­дент жаһандық өлшемдегі өзге­рістерге қазірден дайын болу шартын қойып отыр.
Жолдауда көрсетілгендей, Қазақ­стан өзі көздеген мақсатты меже­лерді сенімді бағындырып, өзін­дік даму формасын қалыптас­тыр­ған елге айналды. Сондық­тан, өн­ді­ріс­ті индустрияландыру, кө­лік-ло­гис­тика саласын дамыту, құ­ры­лыс пен коммуналдық сек­тор­ға көңіл бө­лу мақсатымен қатар, сапа­лы да са­ла­матты қоғам құру, әлеу­мет­тің әлеуе­тін арттыру, елдің рухын жаң­ғыр­ту секілді міндеттер де алға шығуда.
Президент адами капиталды жаңғырудың негізі ретінде ай­қындап, білім беру мен денсау­лық сақтау салаларын одан әрі дамытып, азаматтарға әлеуметтік қолдау мен көмек көрсетуді арттыруды міндеттеп отыр. Әсіресе,  «Білім беру бағдарламалары­ның негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білім­ді меңгеру қабілетін дамыту болу­ға тиіс», деген талап орынды. Қазір­гі құ­был­малы заманның райын бай­қа­сақ, адам кез келген іске икемді, жа­ңа­лыққа жақын, алғыр, сыни көз­қарасы қалыптасқан болуы керек.
Ал осы қасиеттерді бала жас­тан ұштау мақсатында педагог­тарды оқыту және олардың білік­тілігін арттыру жолдарын қайта қарау, тіпті жалақыларын 30 па­йызға дейін өсіру ұстанымы құп­­тарлық. Өз кезегінде олар Пре­­зи­­дент айтқан қоғамымыздың идеа­­лына айналуға жарайтын өзі­нің тарихын, тілін, мәдение­тін біле­тін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһан­дық көзқарасы бар азаматтарды тәрбиелеп шы­ғара алады.
Дағдарысқа қарамастан, әлеу­­мет­тік салаға жұмсалатын шы­ғын­­­дарды арттыру көзделгені де осы Жолдауда айтылған. Биыл­дың өзін­де бұл бағытқа бөлінген шығын 12 пайызға өскен екен. Осының есебінен зейнетақы да, мүгедек бала тәрбиелеп отыр­ған отбасылар үшін берілетін жәр­дем­ақы да өспек. Осындай әлеу­меттік қорғауды шын қажет ететін топтарға мемлекеттік дәре­жеде қолдау мен жанашырлық көрсету игілікті іс деп білемін.   
Жолдауды түйіндеген тараулар­дың бірі – «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп аталады. Мұнда көрсетілген мін­дет­тер сот және құқық қорғау орган­дарының жұмысын жаңғырту бас­тамасымен сабақтас, сондай-ақ оның заңды жалғасы.
Елбасы Жолдауда бұл бағыттағы жұмыс нәтижелеріне аз-кем шолу жасап өткен. Сөз жоқ, қылмыс­тық заң­наманы ізгілендіруге қол жеткіз­дік, қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісі күшейді.
Сонымен қатар бәрімізге белгілі, жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылды. Полиция қыз­мет­керлерін іскерлік қабілет­тері негізінде іріктеу жүйесі жақ­сар­тылды. Мұның барлығы Елбасы белгілеп берген нақты даму қа­дам­дарының жемісті жүзеге асып келе жатқанын көрсетеді. Пре­зидент соңғы Жолдауында осы жұмыстарды жалғастыру қажет екенін тағы жеткізді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы Елбасының жіті назарында. Сондықтан Президент бұл саланы да жаңа технологиялармен, интеллектуалды жүйелермен етене байланыстыра дамытуды тапсырып отыр. Осының негізінде «көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бей­небақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын ин­тел­­лек­туалды жүйелерді белсен­ді түрде енгізу керек». Бұл ішкі істер органдарының қыз­метіне, оның ішінде құқық бұзушы­лық­тар­дың алдын алу мен анықтау жұмыс­тарына тың серпін берері сөзсіз.
Елбасы Жолдауы әлем Төртін­ші өнеркәсіптік революция деп аталатын жаңа кезеңге аяқ бас­қан тұста жарияланып отыр. Пре­зи­дент Н.Назарбаев бұл үрдісті Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы тарихи мүмкіндік деп қарастырған. Қоғам өмірінің кез келген саласына құлашы кең, мүмкіндігі мол жаңа технологияларды кіріктіру арқылы еліміз таңдап алған даму жолын даңғыл ету ниетінен ешкім де қалыс қалмақ емес.
Ішкі істер органдары да өз қыз­ме­тінде Елбасының осы страте­гиялық жоспарларын, нақты тапсырмаларын назарда ұстап, ілгері дами бермек.
Өмірзақ БОЛСАМБЕКОВ
29 қаңтар 2018 ж. 1 868 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031