» » Су тасқыны мен су басу кезіндегі іс қимылдар

Су тасқыны мен су басу кезіндегі іс қимылдар

Құрметті аудан тұрғындары. Егер су басу немесе су тасқыны туралы хабарлама түскен жағдайда төменгі іс әрекеттер жасалуы тиіс:
  • Сабырлық сақтаңыз. Хабарламаны алғаннан кейін көршілеріңізді құлақтандырыңыз;
  • Газды, суды және пештегі отты сөндіріңіз;
  • Электр қоңдырғыларын электр жүйесінен ажыратыңыз;
  • Судың деңгейі тез көтерілген жағдайда, тез арада қауіпсіз жерге барыңыз және  өзіңізге көмектесетін барлық құралдарды қолданыңыз;
  • Қайықтарды, салдарды, үрленетін матрастарды, бөшкелер, бөренелерді, тақтайларды, есіктерді, қашаның сынықтарын, автомобиль камераларын қолданыңыздар;
  • Сыртқы киімдеріңізді жеңіл суға батпайтын (кішкене доптар, су кірмейтін жабық пластмасса ойыншықтар) заттармен толтырыңыз;
  • Көп қабатты үйлердің тұрғындары бірінші қабаттан үстіңгі қабатқа көтеріліңіздер, өздеріңізбен бірге ең қажетті (жылы киімдер, азық-түлік, құжаттар, дәрілер, ақшалар) заттарды алыңыздар, ал бір қабатты үйдегі тұрғындар шатырдың үстіне немесе биік жерлерге шығыңыз;
  • Азық-түліктеріңізді, ішетін су, дәрілер, құнды заттар, жылы киімдермен аяқ киімдеріңізді су тимейтін жерлерге, яғни судың деңгейіне қарай шатырға шығарыңыздар;
  • Өздеріңізге қажет заттарыңызды: арқан, саты, белгі беретін құралдарыңызды жинап алыңыз;
  • Жақын арадағы қауіпсіз биік жерді таңдап (ғимараттың үстінгі қабаты, шатыры, ағаштар) орналасыңыз және суда батпайтын құралдармен немесе өткел арқылы  ұйымдастырылатын эвакуацияға дайын болыңыз;
  • Өзіңізбен бірге тек қана ең қажет (алғашқы медициналық қобдиша, құжаттар, дәрілер) алыңыз;
  • Үлкен кісілермен сырқат адамдарға көмек көрсетіңіз;
  • Шамаларыңызға қарай үй малдарын қауіпсіздік жерге көшіріңіз;
  • Үрейге салмай сабырлықты жоғалтпаңыз, құтқарушылар уақытында сізді тауып алғанға әрекет жасаңыз;
  • Құтқарушылар келгенше немесе судың деңгейі түскенше ғимараттың үстінгі қабатында, шатырларда, ағашта басқа да биік жерлерде тұруларыңыз қажет;
  • Құтқарушылар сіздерді тез тауып алу үшін жоғарғы жаққа ақ немесе әр түрлі-түсті маталарды іліп, жарық белгілермен белгі беріңіз;
  • Жағдайдың қиындай түскен кезде өз-өздеріңізді су баспаған аумаққа көшіруіңіз үшін, суда сізді ұстап қалатын заттарды, қайықты немесе басқа да суда жүзетін заттарды қолданып, бірінші кезекте балаларды, әйелдерді, қарттарды және науқастарды көшіріңіз;
  • Суда жүзетін құралдарға салмақ түсірмей, шыдамдықпен сабырлықты сақтаңыз;
  • Мұқият болыңыз, құтқару қызметтерінің хабарламаларын қадағалаңыз.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің
 бастығы азаматтық қорғау подполковнигі
Сақтабаев Өмірбек Жаңабайұлы
18 қаңтар 2019 ж. 2 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 958

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031