» » Есте қаларлық жыл болды

Есте қаларлық жыл болды


Өткен жыл ақжарлықтар үшін жағымды жаңалықтарымен есте қаларлық жыл болды. Ақжар ауылының 60 жылдық жəне Еңбек Ері Қасымтай Ізтілеуовтың туғанына 110 толу мерейтойы жоғары дəрежеде аталып өтсе, ауыл орталығынан заман талабына сай демалыс алаңы ел игілігіне пайдалануға берілді. Бірнеше көше жөнделіп, жарықтандырылды. Ауыл тұрғындарының күшімен жеке тұрғын үй салынды. Көп жылдан бері өз арнасына түсе алмай келе жатқан "Ораз ахун ЛТД" серіктестігі басшылығы тізгінін ұстаған ауылшаруашылық саласының білікті маманы Жомарт Жалғасбаев басшылығымен серіктестік күріш дақылын өндіруде жоғары нəтижеге қол жеткізді.
Міне, осындай игі іспен айшықталған Ақжар ауылында аудан əкімі Сұлтан Мақашовтың тұрғындармен кездесуін ауыл əкімі Ерлан Бисембаев ашып, округ бойынша атқарылған жұмыстарын саралаған соң, аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы өңір бойынша ел дамуы жолындағы істелген игі істерді зерделеді. Биыл өңірге газ келетінін айтып қуантты. Ел-жұрттың тұрмысын артыруға мақсатталған басқа да жағымды жаңалықтармен бөлісті.
Есепті кездесу соңында аудан əкімі С.Мақашов ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап берді.

Н.Жанәділов
17 қаңтар 2019 ж. 1 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 971
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30