» » "ОТАУ-ТВ"-НЫҢ ОРНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

"ОТАУ-ТВ"-НЫҢ ОРНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Өткен жылдың соңғы айында сенатор Дариға Назарбаева Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, еліміздегі ең үлкен спутниктік телекомпания – «ОТАУ ТВ»-ны жекеменшік «Саspio HD» компаниясына беру туралы шешімді кім шығар­ғанын және қандай шартпен бері­летінін білгісі келетінін сұра­ған. 
Өзінің сауалында сена­тор осы күнге дейін мемле­кет­тік «Қазтелерадио» АҚ мен­шігі болып келген «Отау ТВ»-ны дамытуға респуб­ли­ка­лық бюджеттен 53,4 млрд теңге бөлінгенін, 2016 жылдың желтоқсанына де­йінгі мерзімде еліміздің 77,5 па­йыз тұрғындарын қамтыған 356 стан­са салынғанын, абоне­мент­­тері­нің саны 1 млн-нан асқа­нын және т.б. айта келіп, енді соның бә­рін жеке­мен­шікке берудің қан­ша­­лықты тиімділігі барын сұраған. Сонымен бірге сауалда компанияны жеке­мен­шікке берудің кесірінен «Қаз­­те­лерадио» АҚ бойынша б­ұ­рын ақы-пұлсыз таратылып кел­ген 55 арнаны көрсетпеуге тура ке­ле­тініне де алаңдаушылық білдірілген.
Осы сауалға айдың басында Премьер-Министр Б.Сағын­таевтың атынан жауап келді. Онда «ОТАУ ТВ» арқылы «негізгі» және «толық» деп аталатын екі түрлі арналар пакеті спут­никтік телерадиохабарлары таратылып келгені айты­ла отырып, соның ішінде «негізгі» пакет арқылы отандық 45 телеарна мен 17 радиоарнаның хабар­лары тұрғындарымызға рес­­пуб­ликалық бюджеттің есебі­нен тегін ұсынылып келгені же­т­кізіл­ген. Ал «толық» пакет арқы­лы шетелдік 74 телеарнаның хабарларын абонементтер ақылы негізде тұтынады екен.
 Жауапқа қарағанда мәселенің бәрі осыған келіп тірелетін сияқты. Осы арналардың хабар­ларын тарату тиімді еместігі анықталған, өйткені шетелдік контенттердің өнімдерін сатып алу қымбатқа түскен. Осы үшін «Қазтелерадио» АҚ «Отау ТВ»-ның ақылы спутниктік телерадиохабарларын сырттан келген оператормен бірлесіп таратуын мақұл көріпті. Жасалған сараптама бойынша «Тв-Сом­мерс» ЖШС-нің «Саspio HD» сауда маркасы жеңімпаз болып танылыпты. 2017 жылдың 30 қа­ра­шасында «Қазтелерадио» АҚ басқармасының шешімімен осы компаниямен ынтымақтасу шарты жасалған. Бұл компанияның иелері қатарында Г.Нұрбаев, Э.Исабаев, Т.Шәкенов және «Modern Nomads Entertainment» атты АҚ (оның қожайындары кім екендігі көрсетілмеген) аталады.
Сонымен бірге жауап «Саspio HD» абонементтік ақы­ны бұрын­ғы деңгейде ұстау үшін абоне­менттердің спут­ник­тік қа­былда­ғыштарын ауы­с­тыр­май­тынын, қосымша жа­рақ­тар алмайтынын және қосым­ша монтаж­дық жұмыстар жүргізбейтінін айтады.
Жауапқа қарағанда «Отау ТВ» жекеменшік фирманың мен­шігіне толық берілмейді, жұмыс онымен бірлесе жүргізіледі.
Дайындаған: Жақсыбай САМРАТ

29 қаңтар 2018 ж. 1 041 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031