ЖЫЛ ӘКІМІ

«Әкім бол – халқыңа жақын бол» деп дана халқымыз айтқандай, туған жер үшін тер төгіп ел құрметіне бөленіп жүрген жандардың бірі – Жосалы ауылдық округінің әкімі Сәрсенкүл Есқалиева.

Сәрсенкүлдің Төребай би ауылының әкімі болып сайланғанына да бірер жыл ғана болды.
«Туған жердің түтіні де ыстық» деген ұғымды ұстанған  Сәрсенкүл ауыл әкімі қызметіне тағайындалғалы бері жерлестерінің әлеуетін нығайтуда тынбай еңбек етуде.

Жосалы ауылы тұрғындары негізінен түрлі бақша дақылы мен көкөніс, картоп егіп, оны өңдеу және мал шаруашылығын өркендетуге бағытталған.

Осындай игі істерге жерлестерін жігерлендіруде білікті басшы мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде тұрғындар мен жас­тарды бақша дақылын егіп, оның өнімін Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудан орталығына және басқа да елді мекендерге сатуды ұйымдастыруда. Тіпті, дәмі тіл үйіретін Жосалының шырынды сара ала және күләбі қауындарын қызылордалықтар мен байқоңырлықтар асыға күтеді. Сонымен қатар, майталман маман ауылды көркейтіп-көгалдандыру, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылар мен қарттарға да көмегін аямай, еткен еселі еңбегімен ел құрметіне бөленген ардақты жан.

Міне, осындай ерен еңбектің арқасында білікті сала маманы түрлі марапаттарға да ие болды. Атап айтар болсақ, Сәрсенкүл Есқалиева басқаратын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына қарасты «Жосалы» бастауыш партия ұйымы облыстық партия филиалының шешімімен «Үздік бастауыш партия ұйымы» номинациясының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталса, жеке өзі жуырда Астана қаласында Қазақстан ауыл әйелдерінің І форумында «Үздік ауыл әкімі» номинациясының иегері атанды.
04 қаңтар 2019 ж. 1 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728