» » EXPORT-тағы үлесіміз қалай?

EXPORT-тағы үлесіміз қалай?

«Қазақстанда жасалған». Бұл табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ел әлеуетін ілгерілетуге мүмкіндік беретін экспорттағы бәсіміз қалай? Әрине, өмір сүріп жатқан соң тіршіліктегі сауданың маңызы зор. Ал оның ішінде сыртқы сауданың кез келген мемлекеттің экономикасында маңызды рөл атқаратынын ешкім де жоққа шығара алмайды. Халықаралық сауда нарығы әр елдің өндірісін дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыратын құралға айналуда.


Экспорт – нарық өсуінің басты құралы. Өзге аймақтардағы қазіргі заманға сай технологияларға қол жеткізудің оңтайлы жолы. Әрі өнімді экспорттау – тиімділікті арттыру мүмкіндігіне жол ашатын бәсекелестіктің үлкен бөлігі.
Аймақтағы ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауда бәсіміз төмен емес. Өткен жылы облыс бойынша бірқатар өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, аймақтың ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу нарығына кешендік маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде облыстың агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейін дамуының Агрокартасы әзірленген. Нәтижесінде, 2017 жылы 84,6 мың тонна күріш сырт елдерге экспортталған. Күріш экспорты 61,1 пайызға, жалпы ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау 60 пайызға артқан.
Агрокарта аясында жылдам дамытуды қажет ететін салалар және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемін 2020 жылға қарай 5 есеге дейін ұлғайту жолы айқындалған. Шетел нарқын бағындыруда қармақшылық кәсіп иелерінің де өзіндік орны айрықша. Даулы бетке біліктісін, жаулы бетке білектісін, жарастыққа жақсысын жұмсаған Қорқыт елі өткен жылды толайым табыспен аяқтады. Анау бір жылдары «Ақтөбе и К» ЖШС Иранда сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортын 70 гектарға еккен болатын. Сұранысы жоғары бұл сорт алдағы жылдары да экспорт көлемін ұлғайтуға зор септігін тигізбек.
–Биыл ауданның экспорттық әлеуе­тін­де серпін бар. Шетелге ұсынылатын басты өнім – Сыр маржаны. Оның ішінде сапасы жағынан сұранысқа ие «Тором Хошеми» сорты біздің өңірде егіледі. Биыл 300 гектарға аталмыш өнім себілді. Жиылған өнім де жаман емес. Бүгінде «біздің» «Тором Хошеми» экспортқа сақадай сай. Аудан ауылшаруашылық өніміне негізделген. Өңірдегі асыл тұқымды 6 бас түйе Біріккен Араб әмірлігіне экспортталды, – дейді аудандық ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Жағыпар Төлегенов.
Экспорттың көлемін арттыру арқылы әлемдік нарықта бәсекелестікке төтеп бере алатын тауар шығаруға қабілеттілік артады. Яки, отандық өндірістің көкжиегі кеңейеді. Тек, талапқа сай өнім өндіріп, дұрысынан ұсына білсек болғаны. Ал қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуы – халықтың екі қолға бір күрек ұстауына байланысты. Кәсіпкерліктің дамуына күш салған аймақ бұл мәселелерді шешуге әлдеқашан кірісіп кеткен. Бұл орайда, мемлекет отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдай да жасады. Ал жаһандық нарыққа шығатын, бәсекеге қабілетті өнім шығару – барша шаруалар мен диқандар еңбегін шыңдай түсері айқын.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
04 қаңтар 2019 ж. 965 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031