» » ОН МІНДЕТ – ОҢ ӨРІС НЕМЕСЕ АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ

ОН МІНДЕТ – ОҢ ӨРІС НЕМЕСЕ АЙМАҚТЫҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ

Төртіншіөнеркәсіптік революция. Әлемнің ғарыштық жылдамдықпен дамуы. Рухани жаңғыру.100 нақты қадам. Қазақстанның мәмілегерлік, көпвекторлық саясаты. Тұрақтылықһәм даму үдерісі. Кеше осындай өзекті тақырыптарды арқау еткен облыстықидеологиялық актив отырысы өтті. Күлтөбедегі жиында аймақ басшысы ҚырымбекКөшербаев жыл басындағы жарқын жаңалық бола білген Елбасының «Төртіншіөнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезектіЖолдауы жүктеген міндеттерді таразылай келе, аймақ дамуындағы келелі тірліктердісөз етті.
Онміндет – оң өріс. Жол­дау­дың тақырыбы он міндетке негізделсе, тірегі –тұрақтылық. Әри­не, тұрақтылық болмайынша елдің өсіп-өркендеуі болмайды. Алжүктелген он міндеттің өзегі біреу, даму жолын заманауи-инновациялықтехнологияларға, цифрландыруға байланыстыру. Ол үшін қайтпек керек? Бір ғанажауап – өндірісті автоматтандыруға, тіршілігімізді цифрландыруға негіздеу.
–Жолдаудың 10 міндеті – ел дамуының жаңа тынысы болмақ. Бірінші міндет –индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.Әрине, бұл жерде бірінші бағыт адами капиталға арналмаған деген заңды сұрақтуындайды. Адамның өмір сүруіне бағытталған негізгі қажеттіліктер заманталабына сай дамымаса, құрдымға кетуі мүмкін. Сондықтан, оған әрдайым мән беріпотыру қажет. Индустрияландыру бағдарламасы аясында өңірде жаңа технологияенгізген кәсіпорындар ашылып, жаңа өнім түрлері көбеюде. Бір ғана мысал, испантехнологиясын қолданатын екі бірдей тұз өндіретін цехты іске қосу арқылы«Аралтұз» АҚ экспортқа шығарған өнім көлемін 2017 жылы 65%-ға жеткізсе, Ресейнарығындағы ас тұзы бойынша үлесін 13%-ға жеткізді. Осы бағдарлама аясында іскеқосылған жобалар өңдеу өнеркәсібі саласының, инвестиция көрсеткіштерініңөсіміне оң ықпал жасауда, – деді облыс әкімі.
Бүгіндеаймақтағы қызу тіршілігі бар кәсіпорындардың дені автоматтандыруды қолға алған.Мәселен, уран өндіретін кәсіпорындар қазірдің өзінде цифрлық технологияныенгізуді бастады. «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ қарасты «Ру-6» серіктестігінде өндірудібасқаратын ақпараттық жүйе қолданыста болса, «Қызыл­құм», «Байкен-U»серіктестіктеріне қарасты кеніштерде геотехнологиялық полигонды авто­маттандыружүйесі енгізілген. «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішін игеру жобасында, шынызауытында да осындай технологиялар қолданылатын болады. Бұл көрсеткішпентоқмейілсуге де болмайды. Облыс басшысы аймақтағы өзге де өнеркәсіптер мен жерқойнауын пайдаланушы кәсіпорындарды цифрлық технологияларды пайдалануғабағыттауды сала басшыларына тапсырды.
Екіншібағыт бойынша да ай­мақ кенжелеп қалған емес. Сыр өңірінде жаңартылатын энергиякөздерін пайдалану бойынша мардымды жұмыстар жалғасуда. Мәселен, «БайқоңырСолар» серіктестігі Шиелі ауданына қарасты Сұлутөбе және Бірқазан елдімекендері маңынан 50 МВт күн электр стансасын салуды жоспарлап отырса, «НомадСолар» серіктестігі 30 МВт күн электр стансасын Жалағаш ауданы маңынан салуғаниет білдіріп отыр. Сондай-ақ елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз етумәселесі де күн тәртібінен түспейді. Алдағы уақытта 3 аудан орталығынгаздандыруға басымдық берілуде. Сон­дай-ақ, өткен жылы Астана қаласында өткен«Kazakhstan Global Investment Roundtable» инвестициялық форумында ай­мақтагазопоршендік электростансасын салу бойынша бірлескен кәсіпорын құру жәнекерамикалық зауыттың құрылысын іске асыру бойынша Түркия компаниясымен келісімжасалды.
«Ақылдытехнологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» бағытыбойынша да қауқарлы тірлік бар. Былтыр аймақ егін жинауда рекордтық көрсеткішкеқол жеткізіп, жарты миллион тонна астық қамбаға құйылды. Сондай-ақ, облыстыңауылшаруашылығы өнімдерін өткізу нарығына кешен­дік маркетингтік зерттеулержүргізіліп, нәтижесінде облыстың агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейіндамуының Агрокартасы әзірленді. 2017 жылы 84,6 мың тонна күріш сырт елдергеэкспортталды. Күріш экспорты 2016 жылмен салыстырғанда 61,1 пайызға, жалпыауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау 60 пайызға артты. Экспортқа ет шығаруғасәйкес өткен жылы тамыз айында Иран Ислам Республикасы және Біріккен АрабӘмірлігіне барлығы 2000 бас қозы тірілей экспортқа шығарылды. Сонымен қатар,қозы етін экспорттау мақсатында Сырдария ауданында 10 мың бас аналық қойөсіріліп, жылына 250 тонна қозы еті экспортқа шығарылатын болады. Экспортдегенде әдетте санаға сапа ұғымы оралады. Ал сапаны арттыру үшін шаруашылыққұрылымдар қажет. Бұл бағытта да ауыз толтырып айтар тірлік бар. Облыс бойынша2304 жеке қосалқы шаруашылықтар бірігіп, 84 кооператив құрылды. Олар барлыққажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген.
Төртіншібағыт бойынша да шаруа шатқаяқтап тұрған жоқ. 2017 жылы жергілікті маңызы баравтомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге 9,5 млрд. теңгебөлініп, 215,3 кмжол жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, Қазалы ауданының халқы көптен күткенӘлсейіт учаскесінде Сырдария өзеніне көпір құрылысы басталды. 40 жылдан астамуақыт жөндеу көрмеген аудандық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан 5көпірге қайта жаңарту және күрделі жөндеу жүргізіліп, пайдалануға берілді. Аралауданының Қызылжар ауылы тұсынан Сырдария өзеніне қал­қымалы көпір өткелісалынды. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы жәнеқанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63%-ға жетті, бұл көрсеткіш 2013 жылы54%-ды құраған.
Елбасыжүктеген 10 міндет бойынша Сыр өңірі әлдеқашан қызу тіршілікті бастап кетті.Еселі еңбек мұнымен тоқтап қалмайды. Әлі де алынар асулар бар. Өйт­кені бастыміндет – жаһанды ауызына қаратқан отыздықтың қатарына ену. Ол үшін ЕлбасыЖолдауындағы он міндетті жүйелі жүзеге асыру қажет. Идеологиялық актив отырысыосыны меңзейді.
 
«ҚТ» ақпарат
23 қаңтар 2018 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031