» » Мұхтар ӘУЕЗОВ көшесі

Мұхтар ӘУЕЗОВ көшесі

Жосалы кентінің екінші бөлігінде орналасқан ең ұзын көшелердің бірі – ұлтымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы көше.
Көше бойында орналасқан С.Сейфуллин атындағы балалар кітапханасы, «Толғанай» балабақшасы және бірнеше сауда орталығы мен азық-түлік дүкені тұрғындарға сапалы қызмет көрсетеді.

Мұхтар Әуезов – 1897 жылы Семей облысы, Аяққараған елді мекенінде Омархан Әуезовтың отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол немере ағасы Қасымбектің қолында тәрбиеленіп, медреседе бір жыл білім алған соң Семейдегі 5 сыныптық орыс училищесінде білімін жетілдіреді. Содан кейінгі жылдары облыстық оқытушылар семинариясын бітіреді.

1918 жылы Мұхтар Әуезов Жүсіпбек Аймауытовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарады. Бір жылдан кейін большевиктер партиясының қатарына қабылданған Мұхтар Әуезов Семей губерниялық атқару комитетінің төрағасы және Орынбордағы ҚазОАК-нің хатшысы лауазымын атқарады. 1919 жылы облыстық ревкомның бөлім меңгерушісі, қазақ халқын жұмылдыруды іске асыруда шұғыл шаралар қабылдамағаны үшін біраз уақыт тұтқында болып, ақталып шыққан соң Семей губерниялық атқару комитетінің төрағасы, «Қазақ тілі» газетінің редакторы, ІХ бүкілресейлік Кеңестер съезінің делегаты, қазақ автономиясы ОАК-нің мүшесі болып сайланады. Сонымен бірге, қазақ педагогикалық техникумы мен партия мектебінде дәріс береді.

М.Әуезов 1923 жылы Ленинград мемлекеттік универ­ситетінің филология бөлімшесіне оқуға түседі. Кейіннен Семейге оралып, 1924-1925 жылдарда педагогикалық техникумда сабақ береді, «Таң» журналында редакторлық қызмет атқарады. 1925 жылы Ленинградқа қайтып оралып, университетті бітірген соң терминологиялық комиссияның ғылыми хатшысы болып тағайындалады, Орта Азия университетінің аспирантурасында ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді және орман техникумы мен Қазақ халық ағарту институтында қазақ әдебиетінен дәріс береді. Содан кейінгі жылдарда ол қазақ драма театры әдеби бөлімінің меңгерушісі, Алматы малдәрігерлік институтының қазақ және орыс әдебиеті кафедрасында доцент, Абай атындағы педагогикалық институтта, ал 1934 жылдан 1961 жылға дейін ҚазМУ-де ұстаздық қызмет атқарады.

М.Әуезов «Абай» романынан басқа «Октябрь үшін», «Айман-Шолпан» , «Тартыс», «Тас түлек», «Алма бағында», «Түнгі сарын», «Ақ қайың», «Шекарада» атты пьеса, «Хан кене» тарихи пьесасы мен көптеген әнгімелер жазған.

Абайтанушы М.Әуезов елеулі еңбегі үшін бірінші дәрежелі сталиндік сыйлықпен, Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» орденімен, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен наградталған. ҚазССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы ғылыми атағының иегері, Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды.

Мұхтар Әуезов 1961 жылы өмірден озды.

03 қаңтар 2019 ж. 1 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 904

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 938

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031