» » ӘРІПТЕСІМІЗ БӘЙГЕДЕН ТОП ЖАРДЫ

ӘРІПТЕСІМІЗ БӘЙГЕДЕН ТОП ЖАРДЫ

Үздік спорт журналистерін анықтайтын Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайынғы байқаудың биылғы жеңімпаздары белгілі болды. Елордадан сүйіншілеп келген жаңалықты естігенде бөркімізді аспанға ататын жайымыз бар. Жеңімпаздар қатарында әріптесіміз, «Қармақшы таңы» газеті бас редакторының орынбасары Нұрбай Жанәділов те бар.

Нұрбай Әбілахатұлы – спорт саласында қалам тербеп жүрген журналист. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, аудандық, облыстық, қасиетті топырақта өтетін жыл сайынғы республикалық, тіпті халықаралық байрақты бәсекелерді ақпараттандыруда сүбелі үлесін қосып жүрген маман. Еңбегі еленген азамат Алтай мен Атырау арасынан іріктеліп алынған үздік үш журналистің құрамына енді.
Қазылар алқасының шешімімен айтулы сыйлыққа әріптесімізбен бірге «Қазақ спорты» газетінің тілшісі Мәдина Асылбек пен «Qazsport» арнасының тілшісі Ермек Төрениязов лайықты деп танылды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, биылғы байқауға еліміздің әр өңірінен 15 үміткер қатысты. Қатысушылардан газет және сайт беттерінде жарық көрген 167 мақала, 11 телевизиялық материал, 3 деректі фильм мен 2 кітап қабылданды. Ал, қазылар алқасының құрамында Қыдырбек Рысбек, Дүрәлі Дүйсебай, Аман Сейітқанов, Нұрғазы Сасаев тәрізді мүйізі қарағайдай журналистер болды.
«Жеңімпаздар «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» арнайы төсбел­гілерімен марапатталып, дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болады» делінген комитеттің ақпаратында.
«ҚТ» ақпарат.
24 желтоқсан 2018 ж. 901 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930