» » Жылдың үздік спорт журналистері анықталды

Жылдың үздік спорт журналистері анықталды


Үздік спорт журналистерін анықтайтын Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайынғы байқаудың жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде байқау қорытындыланып, жеңімпаздардың есімдері жарияланды. «Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға биыл еліміздің әр өңірінен 15 үміткер қатысты. Олардан газет және сайт беттерінде жарық көрген 167 мақала, 11 телевизиялық материал, 3 деректі фильм мен 2 кітап келіп түсті», - делінген комитет ақпаратында.

Қазылар алқасының шешімімен сыйлыққа «Қазақ спорты» газетінің тілшісі Мәдина Асылбек, «Қармақшы таңы» газетінің журналисі Нұрбай Жанәділов және «Qazsport» арнасының тілшісі Ермек Төрениязов лайықты деп танылды.

Спорт журналистерінің үздігін анықтау Қыдырбек Рысбек, Дүрәлі Дүйсебай, Аман Сейітқанов, Нұрғазы Сасаев секілді журналистика саласының майталмандарына тапсырылды. Жеңімпаздар «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» арнайы төсбелгілерімен марапатталып, дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болады», - деп атап өтті комитеттен.

syrboyi.kz
 
20 желтоқсан 2018 ж. 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 544
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 341

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031