» » Үй иесі мекенжайына тіркелген бөгде адамды өз бетінше тіркеуден шығара алады

Үй иесі мекенжайына тіркелген бөгде адамды өз бетінше тіркеуден шығара алады

Барлық мемлекеттік органдардың Мекенжайды тіркеу кодының (МТК) негізінде мекенжай мәліметтері бірыңғай форматқа көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі күні деректер базасында МТК бойынша мекенжай мәліметтері еліміздің 8,7 млн азаматында бар «Электронды үкімет» порталы арқылы тіркеу есебінен шығару бойынша қызмет енгізіліп отыр. Бұл әрбір жылжымайтын мүлікке «электронды үй кітапшасын» құруға мүмкіндік берді.Қазіргі уақытта өзінің мекенжай мәліметтерін әр азамат қана емес, тұрғын үй иесі де ХҚО немесе «электронды үкімет» веб-порталына жүгіне отырып, өз мекенжайында тіркелген адамдарға да ала алады.Сонымен бірге, мекенжай бойынша тіркелгендер туралы анықтама беру кезінде мәселелер туындап жатыр. Осылайша, анықтамада тұрғын үйді алғанға дейін тіркелген адамдар (оның ішінде қайтыс болғандар, республикадан тыс жерлерге кеткендер) көрсетілуде. Бұл мәселелер өтпелі кезеңде пайда болды және бұл уақытша сипатқа ие. Осыған байланысты қайтыс болғандарды, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендерді, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандарды тіркеуден автоматты түрде шығару жұмысы жүргізілуде.Бүгінгі күні тұрғын үй иесі үйінде тұрмайтын адамдарды ХКО, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ егер «электрондық үкімет» порталының мобильді азаматтар базасында тұрғын үй иесінің мобильді телефон номері тіркелген жағдайда бір реттік парольдің көмегімен тіркеуден шығара алады.
inform.kz
09 желтоқсан 2018 ж. 973 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 181

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 301

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930