» » АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫС ӨТТІ

АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫС ӨТТІ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төраға­лығымен сенаторлар биылғы жылдың ал­ғашқы отырысы­на жиналды. Жиынды ашқан Сенат төрағасы әріптестерін Елбасының Төртінші өнеркәсіптік революция қар­саңындағы елімізді одан әрі дамыту туралы Жолдауын заңнамалық қамта­ма­сыз етуге жоғары жауап­кершілікпен бар күш-жігерді шоғырландыруға шақырды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Сенат бюро­сының арнайы жоспар бекіткені, онда Елбасы жолдауындағы міндеттерді тиянақты орындауға бағытталған бірқатар маңызды іс-шаралар айқындалғаны жөнінде сенатор­ларды хабардар етті. Қ.Тоқаев ел Прези­дентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындыларына сенатор­лар назарын аудартты.
– Елбасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына төрағалық етіп, Кеңес атынан мәлімдеме жасауы, Ақ үйде АҚШ Прези­дентімен келіссөздер бары­сында ел эконо­микасын дамыту мен өңірдегі қауіпсіздікті нығайту тұрғысынан аса маңызды нақты келісімдерге қол жеткізуі сайып келгенде, Қазақстанның дүниежүзілік деңгейдегі жоғары беделін одан әрі нығайта түскені сөзсіз, – деді спикер.
Жоғарғы палата төрағасы сенатор­лардың алдағы уақытта парламенттік дипломатия әлеуетін кеңінен пайдаланып, Елбасының халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы тың бастама­ларын ілгерілетуге лайықты үлес қосарына сенім білдірді.
Сенаторлар отырыс барысында Қа­зақстан Президентінің ұсынымын қарай келіп, қызметінен кетуіне байланысты Рахымбек Мамырбаевты, Өмірсерік Қожа­баевты, Дүйсен Тұмабековті және қайтыс болуына байланысты Қалидола Шаухаровты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатты.
Сенаторлар сондай-ақ Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялады. 2017 жылғы 3 сәуірде Баку қаласында жасалған құжат екі ел арасындағы халықаралық автомобиль қатынасында жолаушылар мен жүктер тасымалын, өз аумақтары арқылы тран­зитті, сондай-ақ үшінші елдерге тасы­малдарды реттеуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттеріміз арасында тасымалдана­тын негізгі жүктер – қара және түсті металдардан жасалған бұйымдар, өсімдіктен және мал өнімдерінен жасалған өнімдер, қағаз және қағаздан жасалған бұйымдар.
Парламент 1996 жылғы 9 желтоқсанда Нью-Делиде жасалған Қазақстан мен Үндістан арасындағы «Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметаралық хаттаманы да ратификациялап, Президенттің қол қоюына жолдады. Құжатта елдердің экономикалық мүдделері ескеріле отырып, салық салу мәселелерін нақтылау немесе қайта қарау көзделіп отыр.
Отырыста депутаттық сауалын жария еткен сенатор О.Перепечина Премьер Б.Сағынтаевқа «шағын және орта бизнес пен тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында электрмен қамтамасыз ету қызметінде тәуліктің түрлі кезеңдеріне әртүрлі мөлшерлеме бойынша төлем жасау жөніндегі кәсіпкерлер мен тұр­ғындардың құқықтарын қалпына келтіру мәселесін қарау» және осы туралы тиісті мемор­гандарға тапсырма беру туралы өтініш жолдады.
Сонымен қатар, Д.Құсдәулетовтың «азаматтардың өз өмірі мен денсаулығына, білім алуға, қауіпсіздігі мен еңбекке, қолайлы өмір сүру жағдайына, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына құқықтарын қорғау туралы», Е.Мұқаевтың «апаттық деп танылған үйлерде тұрып жатқан азамат­тарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақ­сатында, тұрғын үй құрылысын «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасының бір бағыты ретінде енгізу» туралы,
С.Ершовтың «қарыз беретін онлайн-компанияларға олардың заң талаптарын сақтауы тұрғысында тексеру жүргізу туралы», Ә.Құртаевтың «барлық аймақтар үшін газ, электр энергиясына бірың­ғай тариф енгізу мүмкіндігін қарас­тыру» туралы депсауалдары жарияланды.
Бұған қоса, С.Еңсегеновтің Ресеймен шекаралас аймақта орналасқан Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Азғыр өңіріндегі шекарадан өту мәселесін шешу жолдарын қарастыру және «Бал­құдық» шекара заставасының жерін қор­шау­ға қаражат бөлу туралы, М.Жұма­ға­зиевтың Бал­қаш көлі жағасында орналасқан бұрынғы «Дарьял-У» ради­о­ло­кациялық стансасы аума­ғында жинақталған өте зиянды қалдық­тарды жоюға шара қолдану туралы депутат­тық сауал жол­данды.
 
Айхан ШӘРІП
26 қаңтар 2018 ж. 1 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031