» » Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күні

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күні

«Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күні салтанатты түрде аталып өтті.
Мерекелік шараға «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Бекпанов, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша сектор меңгерушісі Қ.Мүсіркегенов және әлеуметтік қызметкерлер қатысты.
«Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Бекпанов әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, адал еңбегі үшін бір топ қызметкерді марапаттады.
Жалпы «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы мен Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша секторы бірлесіп, жыл басынан бері «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша 28 шара және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы бойынша 21 шара ұйымдастырылды.
Күміс көмей әншілер Ақай ауылдық мәдениет клубының меңгерушісі Б.Нұрмағанбетов және сүйемелдеуші А.Досымбаев мерекелік шараның көркін қыздырып, көпшіліктің көңіл-күйін көтеруге атсалысты.

27 қазан 2018 ж. 2 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 637
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031