» » Бие сүтінен жасалған шоколад

Бие сүтінен жасалған шоколад

Алматыда саумалдан шоколадтың 8 түрін жасайтын өндіріс орын ашылды. Мамандардың айтуынша бұл қауіпсіз тағам өндіру бағытындағы теңдесі жоқ инновациялық жаңалық. Өйткені, осындай отандық брендті жасап шығару үшін қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов көптеген ғылым технологпен бірлесіп арнайы зерттеулер жүргізген. Осылайша тынымсыз ізденістің нәтижесінде жер шарындағы теңдесі жоқ шоколад дайындап шығарды. Әлемдік нарыққа «Шарман» бренді «Ұлытау» атымен шыққан тәттінің сиыр сүті қосылған шоколадтан айырмашылығы неде?
Қазақ тағамтану академиясының мамандары ойлап тапқан шоколодтың құрамында транс май қышқылдары, қаныққан майлар мен холестерин жоқ. «Шарман» шоколадын жеген адам шөлдемейді. Себебі, оның құрамында Кубадан әкелінген какаоның жоғарғы сұрыптары бар. Ал, қант қосылмаған тәттінің бұл түрі әлемде ешбір мемлекетте шықпайды.
- Қант адамның ең қауіпті жауы. Біздің мақсатымыз сол қантты араластырмау. Бұл кезде шығатын барлық шоколадтардың бәрінің құрамында қант бар. Қант жүреді деген сөз, денсаулыққа зиян нәрсе. Біздің мақсатымыз ізденіспен қантсыз шоколад шығару. Тұңғыш рет дүниежүзінде біз тарихта бие сүтін пайдаланып, бие сүтін өтімшілігін, бие сүті дәмін пайдаланып қантты аластаттық. Транс май қышқылы болмайды, - дейді қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.

«Ұлытау» шоколады құрамында қант болмағандықтан түрлі дертпен ауыратын науқастардың қуатын арттыратын емдік тағам дейді ғалымдар. Себебі, табиғи таза өнім семіздіктен арыламын дейтін адамдарға да өте пайдалы. Сондықтан мамандар сусамыр дертімен ауыратын науқастарға да осы шоколодты жеуге кеңес береді.
-Қант диабетімен ауыратын адамдарға қолдануға ұсынамыз. Себебі олар тәтті жегісі келеді. Сондықтан да бие сүтінен жасалған шоколадты тұтынуға кеңес береміз,- дейді азақ тағамтану академиясының технологы Балауса Бауыржанқызы.

Тағамтану ғалымдарының айтуынша бие сүтінен дайындалған шоколадтың құрамына төмен молекулярлық пифтеттер, макро және микро элементтер қосылған. Сол себепті қантсыз шоколадты тек жеңсік ас деп қарамай, халықты сауықтыруға арналған дәрумендік өнім ретінде қабылдау қажет.
23 қазан 2018 ж. 3 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031