» » Шоколад 118 жылдан соң табылды

Шоколад 118 жылдан соң табылды

Виктория ханшайым сыйға тартқан шоколад 118 жылдан соң табылды
Ұлыбританияның ханшайымы Виктория Оңтүстік Африка соғысы уақытында әскерилерге жіберген бір шабадан шоколад арадан 118 жыл өткенде табылды.
Ханшайым Виктория 1899 жылы соғыстағы жауынгерлерді қолдап-қуаттау мақсатында оларға шоколад жіберуді ойлайды. Осы бойынша Корольдік отбасы мүшелері шоколад шығаратын "Cadbury", "Fry" және "Rowntree" фабрикаларына жүгінді.
Бірақ, бұл фабрика иелері соғысқа үзілді-кесілді қарсы болатын. Олар ханшайымның көңілін қалдырғысы келмегендіктен, өздерінің саудалық белгілерін жабыстырмай әскерилерге тегін шоколад дайындап береді. Сол шоколадтың бір шабаданы жақында табылды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Лондонда Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде сыйға берілген антикварлық қораптағы шоколад аукционы өткен еді. Оны бір әйел сатып алған болатын.
10 шілде 2018 ж. 1 837 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 873
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 127

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930