» » Қазақстан балалары балмұздақты аз жейді екен

Қазақстан балалары балмұздақты аз жейді екен

Қазақстан балалары балмұздақты аз жейді екен
Елімізде шіліңгір шілдеде де, аптапты тамызда да балмұздақ аз желінеді екен. Әр тұрғынның бір жыл ішінде балмұздақ жеуі жағынан бізді өзге елдер артқа тастайтын көрінеді.
Халықаралық Euromonitor компаниясының мәліметінше, елімізде әр адам жылына орташа есеппен 2,5 келі балмұздақ жейді. Қазақстандық балмұздақ өндіруші компаниялар бұл өте аз көрсеткіш деп отыр. Себебі өзге ел тұрғындары бұл жағынан бізді басып озады. Салыстырар болсақ, Ресейде әр адам жылына 2,85 келі балмұздақ тұтынса, АҚШ-тың әр тұрғыны мұндай өнімнің 17,5 келісін жейді. 
Қазақстан жазы ыстық елдер қатарына жатады. Балмұздақтың көп желінетін маусымы да – жаз. Жергілікті нарықтың төрттен бірін қамтып отырған қазақстандық балмұздақ өндіруші компаниялардың бірінің қожайыны Андрей Шиннің айтуынша, климаттың бұл ерекшелігінің өзі балмұздақ тұтыну деңгейін арттыра алмай отыр. 
“Әр адам үшін бір жылда ғана емес, үш айдың ішінде де 2,5 келі балмұздақ жеу тым аз”, – дейді Андрей Шин. Андрей Шиннің айтуынша, сырт көзге балмұздаққа негізінен балалар ғана құмартатын сияқты көрінеді, дегенмен статистика басқаша. Біздің елде балмұздақты 40-тан асқан ересектер мен баласы бар әйелдер көп жейтін болып шықты. 
Балмұздақты көбі тәтті десерт түрінде жеп үйренген. Ал негізінде әр елде оның түрлі дәмін татып көруге болады. Мысалы, балық, теңіз өнімдері, бұрыш, сарымсақ, саңырауқұлақ, ірімшік, шошқа еті, балдыркөк және томат татитын балмұздақтар бар. Сонымен қатар балмұздақтың тұздалған және майға қуырылған түрлері де кездеседі. Алайда ең көп тұтынылатыны – әдеттегідей ваниль, кілегей, шоколад және жеміс-жидек татитын балмұздақтар.
Әдетте балмұздақ құрғақ сүттен немесе пальма майынан дайындалады. Бірақ Андрей Шин өз балмұздақтарына пальма майын қоспайтынын айтты. 
100 грамм кілегейлі балмұздақта 200 калория, жемісті мұзда 100 калория болады. Ал диеталық балмұздақ 100 калориядан тұрады. Балмұздақ – тәтті десерт, сондықтан артық салмақ қосуға себеп болады. Егер сымбатыңыздың бұзылмауын қадағалаймын десеңіз, жемісті мұзды таңдаңыз. Оның құрамында сүт те, май да болмайды. 
Сонымен қатар қант жеуге тыйым салынатын балалар үшін құрамына қант алмастырушы қоспа қосылған балмұздақ түрлері де шығарылады. Мәселен, құрамында лактоза қосылған балмұздақтың қант қосылған балмұздаққа қарағанда зияны аз. Бірақ қантсыз балмұздақ жегіңіз келсе, оны үйде дайындағаныңыз дұрыс. Кез келген балмұздаққа сүт, май, қант және түрлі дәмдеуіш пен хошиістендіргіштер қосылады.
12 тамыз 2018 ж. 1 441 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 15:20
Buy Viagara On Line In The Usa What Stores Sell Propecia cialis vs viagra Cialis Tratamiento Impotencia Acheter Du Clomid En Bus

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031