» » Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің абыройы

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің абыройы

Мемлекетті өркендету, дамыту бағытындағы ең жауапты іс-мемлекетік қызметшілерге жүктелетіні мәлім. Ал, бүгінде мемлекеттік қызметті мінсіз ету үшін аз жұмыстар жасалып жатқан жоқ. Мемлекеттік қызмет азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Алда тұрған мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау азаматтардың құқықтарын құрметтейтіндей және олардың заңды мүдделеріне қызмет ететіндей мөлдір де тиімді модельді қалыптастырады. Мемлекеттік қызмет меритократия қағидаты негізінде барлық азаматтарға өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктер берілетін әділ қазақстандық қоғамның түп бейнесіне айналады» деген болатын.
«Қазақстанның-2030 жылға» дейінгі даму Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып кәсіби мемлекет құру белгіленген еді. Мемлекетіміздің алдында тұрған, жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет және басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру ісінде көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне бағытталған. Осы сұрақтың маңызды қадамы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерінің оң имиджін қалыптастыру болып табылады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың мынадай маңызды басымдықтары айқындалған: мемлекеттік қызметтің кадр құрамын сапа жағынан жақсарту, іріктеу мен кәсіби дайындық әдістемелерін жетілдіру, меритократия принципін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту. Елбасы белгілеген әкімшілік реформаның екінші кезеңіндегі соңғы мақсат халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіби мемлекеттік аппарат құру. Қоғамның қазіргі мемлекеттік қызметтен күтетіні де осы.
Тәуелсіздік алған кезден бастап Қазақстанда мемлекеттік аппарат құруға, кадр саясаты мәселесіне баса көңіл бөлініп келе жатыр. Яғни, қажетті институттар мен уәкілетті органдар құрылып, білім беру академиялары ашылып, қажетті заңдар мен сол заңдарға сәйкес іске асырылатын нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Соның ішінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ, өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайтын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы 2015 жылғы 23 қарашасында қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Айтып өту керек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасының бірінші 15 қадамы кәсіби, дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға арналды.
Бүгінде мемлекеттік қызмет саласында бірқатар оң өзгерістер орын алып отыр. Мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өткен қызметшілерге лауазымын жоғарылатуға мүмкіндік беріліп, еңбекақы төлеудің жаңға жүйесі енгізіледі деп күтілуде.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Сондықтан мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі тиіс.
 
Қармақшы аудандық сотының жетекші маманы
Қожабаев Самат
17 қазан 2018 ж. 2 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031