» » ХҚКО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртібі жеңілдетілді

ХҚКО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртібі жеңілдетілді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жеке тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процесін жеңілдетті. Бұл үрдіс "бір терезе" қағидаты бойынша пилоттық тәртіпте жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді ЭЦҚ алу үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (pki.gov.kz) порталы арқылы алдын-ала өтінім беріп, жеке тұлғаны растау үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бірден ХҚО-ға келіп, электрондық кезек талонымен маманға тікелей жүгінсе, оператор барлық қажетті өтінімдер мен операцияларды өзі орындайды. Барлық процесске шамамен 5 минут уақыт кетеді. Қызмет алушы өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат пен usb тасымалдаушыны әкелуі тиіс. Ал заңды тұлғалар ЭЦҚ-ны жеңілдетілген үрдіспен қазан айының соңында ала бастайды. Айта кету керек, "Азаматтарға арналған үкіметтің" фронт-офистері арқылы биылғы жылдың 8 айында 4,5 миллионға жуық ЭЦҚ берілді.



19 қыркүйек 2018 ж. 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 627
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031