» » КООПЕРАТИВ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КӨРКЕЙТЕДІ

КООПЕРАТИВ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КӨРКЕЙТЕДІ


Елімізде бір ізге қойыла бастаған өндірістік кооперативтер ауыл әлеуетінің жақсаруы мен дамуына үлесін қосуда. Ұсақ шаруаларды біріктіріп, іріленген кооператив мүшелері осыны баса айтады. Салада ет және сүт бағытындағы мал басын көбейту, асылдандыру мен ет өнімін өндіру мақсатында мемлекет жәрдеміне қол жеткізген қармақшылық шаруалар бүгінде кәсіптерін дөңгелентіп, көпшілікке үлгі болуда.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта өңірдің елді мекендері бойынша ет, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу бағытындағы 16 ауыл шаруашылық кооперативі құрылып, оның 7 кооперативі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы 600,5 млн. теңге жеңілдетілген несие алып жұмыс істеуде. Соның ішінде 4 кооператив модульді сүт қабылдау бекетін және 1 кооператив рефрижератор-тоңазытқыш алған. Аталған жабдықтардың құны 94,3 млн. теңгені құрайды екен.
Сүт өнімін өндіру бағытында Ақтөбе ауылындағы «Достық Кәлпе» кооперативінің 57 мүшесінің 39-ы 72,7 млн. теңге несиеге қол жеткізіп, оған 290 бас ірі қара малы алынды.
– Құны 4 657 794 теңге тұратын сүт жинайтын құрылғы алынды. Уақытша жұмысты қолмен атқарудамыз. Кооператив аудан тұрғындарын құрт, ірімшік, қатық, айран, сүтпен қамтамасыз етуде. Бағасы да халыққа қолжетімді. Сырттан келетіндер бізден күнделікті ас мәзіріне сүт, айран, қатығын алады. Нанмен де қамтимыз. Келешекте цех ашқымыз келеді. Өйткені, нарықта қаптамамен шығаратын сүт өнімі тиімді. Ашымайды, бұзылмайды. Кооператив күнделікті сауда нысанына күніне 85-90 литрден сүт және сүт өнімін өткізуде, – дейді кооператив төрайымы Күлшат Өтемаханова.
Сондай-ақ, Жосалы кентіндегі «Сұлтан и К» кооперативі сауын бағытында 186, Ақжар ауылдық округіндегі «Таң шапағы»кооперативі 218 бас аналық мүйізді ірі сатып алды. Ал, ет бағытында Иіркөл ауылдық округінен «Иіркөл-Даму» кооперативі «АШҚҚ» АҚ арқылы мүйізді ірі қара малын көбейтуге 42,1 млн. теңге несие алды. Мақсатты қаражатқа 189 бас мүйізді ірі қара сатып алынып отыр. Кооператив мал бордақылаумен айналысса, ІІІ Интернационал ауылындағы «Ақбұлақ-7Н» кооперативінің құрамында 28 мүшесі бар. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» «Береке» бағдарламасымен 38,1 млн. теңге жеңілдетілген несие алды. Қазірге дейін 9,61 тонна ет өндірген.
Аралас бағыттағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің бірі – Қармақшы ауылындағы «Абыла Даму».
92 мүшеміз бар. Кооперативтің 86 мүшесі 254,5 млн. теңгеге 1018 бас мүйізді ірі қара малын алды. Аралас шаруашылық болған соң ет және сүт өнімімен айналысамыз. Заман талабына сай қаптамалы сүт шығаруды жоспарлаудамыз. Бұл тұрғыда тиісті жұмыстар істеудеміз. Айына 50 сиырды бордақылап отырмыз. Ірімшік, құрт қылып та халыққа қызмет көрсетудеміз. Бастама – жақсы. Толық аяқтан тұру үшін әлі де мемлекеттен қаржылай қолдау болса
деген тілегіміз бар, – дейді төраға Әбдірайым Кішкенеев.
Атап айтарлығы, өз қаржысымен жұмыс жасап тұрған кооперативтер кездеседі. Мысалы, ІІІ Интернационал ауылдық округіндегі 22 мүшесі бар «Қашқансу – 7»өндірістік кооперативібүгінге дейін 60 бас аналық сиыр және 2 бас қазақтың ақбас тұқымды бұқасын алып, асылдандыру жұмысын жүргізуде. Сонымен қоса, Тұрмағамбет ауылынан Мирамкүл Айдарбаеваның да еңбегін атап өтуге болады. Сүт өнімін өндіру және өңдеу бағытын қолға алған «Ер Дәулет» кооперативінде 21 адам бар. Өз меншігіндегі 24 бас ірі қара малының еті мен сүтін жергілікті тұрғындарға өткізіп, елдің ризашылығын алуда.
Кооператив жұмысын жетілдіруде ұсыныс та жоқ емес.
– Өткен жылы ауданда бірнеше кооператив «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 600,5 млн. теңге қаржы алып, жұмысын бастады. Алайда, аудан көлемінде шикі өнімді өңдейтін орын болмауына байланысты жұмысты әлі де жетілдіру қажет болып тұр. Соның бірқатарын атап айтсақ. Серіктестік басшыларымен келісе отырып, Тұрмағамбет ауылынан шағын сүт өңдеу цехы мен Дүр Оңғар ауылынан модульді мал сою бекеті ашылса. Жоба орындалған жағдайда, ІІІ Интернационал, Иіркөл, Төребай би, Қармақшы ауылдық округіндегі ет өндіруші кооперативтердің жұмысы алға басады. Жоба бойынша жұмыс орнының 50 пайыз қаржысы мемлекет тарапынан субсидияланса. Сондай-ақ, Ақтөбе ауылында құрама жем (комбикорм) дайындайтын зауыт ашу жобамыз да бар. Ол қолға алынса, құрама жем өзімізде дайындалып, мал бордақылау жұмыстары мен сүт өндіруші кооперативтерге жақсы демеу болар еді. Тіректі елді мекеннің бірі, яғни Төретамнан аралас кооператив құру мақсатында жұмыс жүруде, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сабытбек Жолмаханов.
ТҮЙІН:
Елімізде «Ауыл шаруашылығын кооперациялау туралы» заңына сәйкес, республикада кооперативтер құрыла бастады. Оның ауылдық жерде ауыл әлеуетінің нығаюы мен адамдар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуде септігі көп. Жалпы, кооперация – бізде бұрыннан бар тәжірибе. Бұл бағытта игі жұмыстар да жоқ емес. Тек әлі де ауыл тұрғындары арасында жете түсіндіріп, насихаттық жұмысы жүргізілуі тиіс.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
17 қыркүйек 2018 ж. 1 273 1

JeaCold от 12 наурыз 2019 18:19
Levitra Generique Maroc Ou Acheter Priligy En France viagra Chemical Properties Of Amoxicillin Finestra 1 Mg Buy Celebrex Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 154

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930