» » ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Жалпы өңірде атқарылып жатқан тірлік аз емес. Мектеп, емхана, балабақша салынып, ел игілігіне берілуде. Жоспар да көп. Газ мәселесінде қазіргі таңда тұрғындарды көгілдір отынмен жабдықтауда «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырына қосу, яғни аймақ халқын газдандыру мақсатында жұмыстар жалғасын табуда. Оның ішінде аудан тұрғындарына да табиғи газдың игілігін көретін уақыт аз қалды. Бұл жайында аудан әкімі Сұлтан Мақашов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ауданның үстіміздегі жылдың жеті айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы міндеттер туралы өткен баспасөз конференциясында кеңінен әңгімеледі.
Брифингте аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы өз сөзін биыл – руханияттың ұясы, қазақылықтың қиясы болған, Алаштың айдары, алқалы елдің айбары атанған туып-өскен атамекен – Қармақшы ауданының құ­рыл­ғанына 90 жыл, Қызылорда қа­ла­сының іргетасы қаланғанына 200 жыл, сон­дай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Елордасы – Астананың 20 жылдық мерекесі атап өті­летін тарихи жыл екенімен бастады. Биыл ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз етуде Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруда тегеурінді еңбек пен бірліктің арқасында өңірдің серпінді дамуына қол жетті.
АЙМАҚ БРЕНДІ – СЫР САЛЫСЫ
Биыл ауыл шаруашылығы саласында барлығы 23 957 га егін егілсе, оның ішінде 13850 га күріш, 210 га бидай, 1700 га мақсары, 6554 га жоңышқа, 570 га картоп, 450 га көкөніс, 555 га бақша егілді.
Ауданның негізгі бағыты – ауыл шаруа­шылығы. Сондықтан агроөнеркәсіптік ке­шен­­ді дамытуға барынша басымдық беріліп ке­­леді. Диқаншы қауым көктемгі дала жұ­мысын өз мерзімінде аяқтады. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 255 га, ал суды көп қажет ететін күріш көлемі өткен жылдан 359 га азайтылды, жаздық бидай 8 га, бақша 4 га, көкөніс 100 га, мақсары 362 га-ға көбейді. Күріштің «Тором Хошеми» ирандық сортын «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 300 га жерге екті. Күзгі егін жинау науқанына жұмылдыратын техника: 116 – трактор, 80 – комбайн, 84 – жатка, 62 – жүк көлігі, 94 – трактор тіркемесі алқап жұмысына сақадай сай. Егін науқанына дала қосы мен астық қырманы толығымен жасақталды.
КООПЕРАТИВ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ
Ауылдағы ағайынның қазіргі кәсібі – мал шаруашылығы. Далалық жердегі ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, кооперативке айналдыру ауыл шаруашылығының өз деңгейінде дамуына жол ашады. Мал басын өсіру, оның өнімін өндіру бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымында мал басының барлық түрінде өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда өсім қалыптасуда.
Мал басын көбейту мақсатында мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар аясында қолдау көрсетілуде. Қазіргі таңда аудан бойынша тұқымдық түрлендірумен 35 шаруа қожалығы МІҚ, 3 шаруа қожалығы қой және 16 шаруа қожалығы жылқы шаруашылығымен айналысады.
Бүгінде аудандағы кооператив жұмысына тоқталсақ, 16 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің 438 мүшесі бар. 234 кооператив мүшесі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қоры» АҚ арқылы 601 млн. теңге несие алды. Ағымдағы жылы облыс әкімдігінің жос­парына сай Ақай ауылдық округінде ет өнімдерін өндіру және өңдеу бағытында «Байқоңыр-2017» АӨК құрылып, оған 21 адам мүше болды.
КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ
Аймақта 2018-2020 жылдар жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы жарияланды. Бұл кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріледі. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үш маңызды мәселені: салық базасының ұлғаюын, жаңа жұмыс орындарының құрылуы және қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығының жақсаруын қамтамасыз ететінін атап өткен абзал. Жұмыспен қамту кез келген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі. Ал, азаматтарды жұмыспен қамтудың баламасы ол – кәсіпкерлік. Сала бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту динамикасы жаман емес. Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың 1-тамызына тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны – 3385, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 2498. Тіркелген субъектілер 73,8 пайызды құраса, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,1 пайызға көбейген. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде несиелендірудің пайыздық ставкасын субсидиялау және ішінара кепілдендіру бойынша жыл басынан 7 жоба 122,7 млн. теңгеге несиелендірілді. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің қарауына жалпы құны 544,8 млн. теңге болатын 5 жоба ұсынылды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде гранттар беру бойынша 33 жобаға 23,2 млн. теңге бөлінді. «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС 22 жобаны құны 62,9 млн. теңгеге несиелендірді. Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жыл басынан 69 жобаны 217,8 млн. теңгеге қаржыландырды. Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 54 жоба 183,2 млн. теңгеге, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ» ЖШС арқылы құны 34,6 млн. теңге болатын 15 жобаны несиелендірді. Ақтөбе елді мекенінде жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы басталды. «General Констракшин Сервис» ЖШС құрылыс жұмысын жүргізуде.
ТҰРҒЫН ҮЙ ТҰРМЫС ТҮЗЕЙДІ
Үстіміздегі жылы 12000 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайызды құрады. Құрылыс сомасы – 2 млрд теңге. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге артты. Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысЫ жұмысына былтыр облыстық бюджеттен 25 млн. теңге, 2018 жылы республикалық бюджеттен 1899 млн. теңге және облыстық бюджеттен 108,3 млн. теңгеге құрылысы жүргізілуде. Газ мәселесінде қазіргі таңда аймағымыздағы елді мекендер тұрғындарын газбен жабдықтау үшін оларды «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырына қосу, яғни облыс халқын газдандыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табуда. Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысы пайдалануға берілді. Сонымен бірге, Иіркөл елді мекеніндегі 50 орындық №12 «Самал» және Төребай би елді мекеніндегі 50 орындық №15 «Ақкөгершін» балабақшасы маусымда пайдалануға берілді. Жосалы кентіндегі лагерь құрылысына облыстық бюджеттен 2017 жылы – 100 млн, 2018 жылы – 200 млн. теңге бөлінді.
Брифингте аудан әкімі Сұлтан Мақашов алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ онда экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрақты жұмыс орнын ашу, салық түсімдерін молайту мен өңірге инвестиция тарту жұмысының жандана түсетіні айтылды. Баспасөз конференциясында аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрағына жан-жақты жауап берді.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
11 қыркүйек 2018 ж. 1 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031